Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі болып табылатыны анық. Заң актілеріне сәйкес жемқорлыққа қарсы әлеуетті көтеруге және оны іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталды. Соңғы уақытта елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін белгілі бір заңнамалық база қалыптастырылып келеді. Дегенмен, жемқорлықпен күрес саласының негізін қалаушы заң азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық негізінде туындайтын қауіптен сақтауға, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік функцияларды атқаратын лауазымды және басқа да тұлғалардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 18.11.2015 жылғы Заңы болып табылады. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс. Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады. Жемқорлықты жою – еліміздің фундаменталды құндылығы – тәуелсіздігімізді нығайтатын негізгі шарттардың бірі. Азаматтық қоғамның барлық секторларымен, барлық мемлекеттік органдарымен, бизнес өкілдерімен ынтымақтастықта ғана осы мәселені шешіп, Қазақстанның гулденуіне жағдай жасай аламыз.
Зияткерлік меншік құқықтары
бойынша бөлімінің басшысы
А.Е. Аубакирова