Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншікті қорғау саласындағы жұмысы туралы

Зияткерлік меншік құқығын қорғау қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болғандықтан, зияткерлік меншік заманауи бәсекеге қабілетті экономиканың қалыптасуына және халықаралық ынтымақтастықта заңды қатысушы болудын негізгі алғышарты болып табылады.  Сол себепті Қазақстанда зияткерлік меншік құқығының бұзылуына әкеліп соқтыратын  кез – келген бұзушылықты анықтап, жауапқа тарту, сонымен бірге осы саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығын қорғау бөлімімен 2018 және 2020 ж. аралығында тауар таңбаларын қолдануда заңның талаптарын орындау бойынша кәсіпкерлік субъектілер арасында 17 тексеріс жүргізілді.

Тексеріс нәтижесінде 17 құқық бұзушылық анықталды.

ӘҚтБ 158 бабы бойынша 18 әкімшілік іс жүргізу қозғалып, соның ішінде бір іс  Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментімен берілген. Әкімшілік жауапгершілікке 17 тұлға тартылды, 1 материал тоқтатылды.

Айыппұл сомасы 966 540 тенге.

Заңсыз айналымнан 2 304 575 тенге сомасына контрафактілі өнімнің 242 354 данасы тәркіленді. «Диор», «Старлайн», «Калгон», «Икея», «Тойота», «Маша и Медведь», «Маккофе», «Криккетт» және т.б. әлемге танымал өндіруші фирмаларының құқықтары қорғалды. Сондай-ақ, Қазақстандық «Зерно», «Қазақстан» алкоголь өндірушілердің және «Таң» сүт өнімдерін заңсыз пайдаланғаны үшін кәсіпкерлерді әкімшілік жауапгершілікке тарту фактілері бар.

Құқық түсіндіру жұмысы шеңберінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында 2018 жылдан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында 350 мақала жарияланды, теледидар мен радиода 75 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Жеке және заңды тұлғалар арасында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы және өзекті мәселелерді түсіндіру бойынша 257 "дөңгелек үстел", сондай – ақ 350 семинар өткізілді. Облыстың мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерінде 982 дәріс оқылды, Департаменттің веб-сайтында 137 жарияланым орналастырылды, әлеуметтік желілерде - 44. Бөлім "Атамекен" ҰКП-мен, кәсіпкерлермен, жоғары оқу орындарымен, шығармашылық одақтармен, кітапханалармен, авторлық қоғамдармен, өнертапқыштармен, патентиелермен тығыз өзара іс-қимылды жүзеге асырады. 2020 жылы карантин жағдайына байланысты кәсіпкерлік субъектілері мен мүдделі тұлғалар арасында зияткерлік меншік мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмысы әлеуметтік желілерде, ZOOM, INSTAGRAM алаңдарында жүргізілді. Қолданыстағы заңнаманың нормалары, контрафактілік өнімді пайдаланудың қауіпті салдары тұрақты негізде түсіндіріледі. Контрафактілі өнімді жою мақсатына бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың жеке-жеке қолдауымен ғана қол жеткізуге болатындығын атап өту қажет. Оның алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудің сәттілігі қоғамның зияткерлік әлеуетінің құқықтық қорғалу дәрежесіне байланысты.

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы