Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуы Қазақстан Республикасының тәуелсіз, қазіргі заманғы, күшті, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде құрылуына және бекітілуіне тікелей байланысты, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
Қазіргі уақытта қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, ел ішінде қол жеткізілген жетістіктердің және бейбітсүйгіш сыртқы саясаттың арқасында жалпыға бірдей халықаралық танымалдыққа ие болған Қазақстан Республикасы мықты және табысты мемлекетке – нақты тексерілген стратегияларды іске асыру арқылы нақты белгіленген бағыттар бойынша дамып келе жатқан әлемдік аренадағы беделді бастамашыл ойыншыға айналды.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында біздің мемлекетіміздің өміріндегі негізгі басым бағыттарды айқындады. Президент Қазақстан- заман талабына сай тиімді мемлекет екенін нақты айқындап берді, онда одан әрі даму үшін қазақстандықтар өмірінің барлық деңгейлерін жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар қабылданатын болады. Жолдаудың Президент айқындаған басты сәттері: "Азаматтардың барлық сындарлы өтініш- тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру - бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады". Жолдауда Қазақстан Республикасының қарапайым азаматтарының өміріне тығыз әсер ететін маңызды аспектілер айқындалған және олар мемлекет аумағына келетін немесе уақытша тұратын қазақстандықтар мен шетелдік азаматтардың өмір сапасына қатты әсер етеді.
Осы шаралардың барлығы құқықтық мемлекеттің дамуына ықпал етеді және онда әрбір азамат Президент бастаған мемлекет олардың мүдделерін қорғайтынын нақты білетін болады. Әр адамның өз құқықтарын барлық қол жетімді заңнамалық шаралармен қорғауға мүмкіндігі бар.
Қарағанды облысы ӘД
НҚА тіркеу бөлімі
Н.М. Торгаева