Меню

Страницы

Статья

Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы аса маңызды 11 басым бағыттан тұрады. Оның ішінде «Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі» атты тоғызыншы бағыттың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында алатын орны ерекше. Себебі, бүгінде әлемнің дамыған елдерінде халыққа қызмет көрсететін барлық сала жаһандану талабына сәйкес электронды форматқа көшірілуде. Сондықтан Қазақстан да бұл көштен қалмауға тиіс.

Президент «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында цифрландыру сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы екенін атап өтті. Бұл ретте, ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен қамтамасыз ету керектігін айтты. Сондай-ақ интернетке қолжетімділік жолдар мен электр қуаты сияқты негізгі қажеттілікке айналып отырғанына назар аударды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын «Халыққа қызмет көрсету» орталықтарында кезектілік көп болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы алынатын анықтамаларды жұртшылық мекемеге барып алатын. Қазір бұл өзгерді. Қолыңызда смартфоныңыз болса, «Телеграмм-бот» жүйесіне кіріп үйден шықпай-ақ «Е-gov» арқылы қажетті анықтаманы алуыңызға болады. Бұл да уақытты, түптеп келгенде қаражатты үнемдеуге негіз екені анық. Осыны ескерген Президент мекенжай, мүліктік және өзге де анықтамалар бойынша оң тәжірибе бар екенін айта келе «мемлекеттік органдар жеке куәлікті, дипломды, жүргізуші куәлігін электронды түрде қабылдауға тиіс» деді. Расында да халыққа электронды сервистерді қолдануды ыңғайлы ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету ісінде де, бизнесте де биометрияны кеңінен пайдаланған жөн.

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында мәліметтер базасының бірыңғай жүйесімен қамтамасыз ету және оны әрі қарай дамыту – Үкіметтің басты міндетінің бірі екенін айтты. Сонымен қатар аталған жұмыс тиісті деңгейде реттелмегенін сынға алып, жұмысты жетілдірудің тиімділігін аңғартатын бірқатар мысал келтірді.

Негізі соңғы жылдары мемлекет тарапынан цифрландыру бағытына мол қаржы қаралып, жұмыстарды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінуде. Мысалы, еліміздің «мәліметтерді» өңдеу және сақтау жөніндегі халықаралық хабқа айналуына жағдай жасайтын заңдар қабылданған. Ендеше, ел Үкіметі мен салалық министрліктер Жолдаудан туындаған мақсат-міндетті сапалы жүзеге асыру үшін жедел шаралар қабылдауы керек. Сонда ғана ел тұрғындары жаңашылдықтың жемісін көретін болады.

 

Зияткерлік меншік құқықтары

 бөлімінің бас маманы

 Д. Смагулова

Дата публикации
03 февраля 2021
Дата обновления
03 февраля 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы