Меню

Страницы

Статья

Цифрлық Қазақстан

Цифрландыру бойынша күш-жігер адам капиталы белсенді дамып келе жатқан жаңа қоғамды құруға әкеледі – болашақ туралы білім мен дағдыларды жас кезінен бастап тәрбиелейді, автоматтандыру және басқа да жаңа технологиялардың арқасында іскерлік операциялардың тиімділігі мен жылдамдығы артады, ал азаматтардың өз мемлекеттерімен диалогы қарапайым және ашық болады. Цифрлық революция біздің көз алдымызда болып жатыр және сандық технологиялар біздің өмірімізге тез еніп жатыр.

«COVID-19» коронавирустық пандемияға байланысты төтенше жағдайында мемлекет қызмет көрсетушілерге бармай-ақ, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтерді алу жұмыстарын ұйымдастыра алғандығына бәріміз куәміз.

Бұл дегеніміз, қызмет алуға келген азамат мемлекеттік қызметшіге келе алмайды,бірақ адам факторын қоспағанда, интернет арқылы қызмет ала алады,бұл өте маңызды себебі сыбайлас жемқорлық көріністер болмайды.

Бұл Мемлекет Басшысының «Жаңажағдайдағы Қазақстан: іс-қимылкезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мəліметтер базасының бірыңғай жүйесімен қамтамасыз ету жəне оны əрі қарай дамыту – Үкіметтің басты міндетінің бірі болып табылады.

Əзірге бұл жұмыс тиісті деңгейде реттелмеген. Оның бір себебі ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттік жəне олармен үлестес бірнеше компания басымдыққа ие болып отыр.

Министрліктер мен əкімдіктердің де ақпараттық-сараптамалық немесе IT құрылымдары бар. Мұндай құрылымдар ортақ стратегиямен санаспай, мекеме деңгейіндегі мүддені ғана қорғайды.

Ақпараттық технологиялар нарығын, инжинирингтік жəне басқа да жоғары технологиялар қызметін дамыту – елімізде қосымша құн қалыптастырып, жұмыс орындарын ашып қана қоймай, осындай қызметтерді шетелге экспорттауға да жол ашады. Осы əлеуетті толық пайдаланған жөн.

Ақпараттық технологиялар саласы мен ұлттық бизнес ынтымақтастығының болашағы зор. Мемлекеттік жəне жекеменшік ірі компаниялар шетелде жасалған əзірлемелер мен қосымшаларды сатып алуға ондаған миллиард теңге жұмсайды.

Үкімет өнеркəсіп пен ақпараттық технологиялар саласының арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға атсалысуға тиіс.

Ведомствоаралық өзара әрекеттесу кезінде және азаматтармен сөйлесу кезінде қағазды пайдаланудан бас тартуға тырысу керек. Мемлекеттік басшысының жолдауында айтылғандай:«Біз зейнетақы мен жəрдемақы тағайындаған кезде халықтың буда-буда қағаз толтырып, сансыз есікті тоздыруға мəжбүр болып жүргенін көріп отырмыз. Мұның бəрін толықтай цифрландыру керек. Адамдар емес, мəліметтер «зыр жүгіруге» тиіс.

Осылайша, цифрландыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік салаларға оң әсерін тигізеді, мемлекеттік қызметтер көрсетудегі аралық буындарды азайтады және қызметтерді тұтынушыға уақытты үнемдейді.

Дата публикации
27 января 2021
Дата обновления
27 января 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы