«Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ. Мен әрбір шешімді қабылдар сәтте осы ұстанымды басшылыққа аламын. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесін бірдей қорғаймыз. Менің ұғымымдағы әділетті мемлекет дегеніміз – осы.»
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың
2021 жылғы 5 қаңтардағы «Egemen Qazaqstan» газетіндегі
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласынан
Мемлекеттің пайда болу теориясынан әділетті мемлекетті анықтаудағы, сондай-ақ адамның мәртебесі мен құқықтары, заң үстемділігі, мемлекеттік билік органдарының бассыздығын шектеу, биліктің бөліну қағидаты туралы әртүрлі ғылыми көзқарас жөнінде біздің түсінігіміз бар.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алған сәттен бастап құқықтық мемлекет құруда біртіндеп нық қадамдар жасауда және оның негізгі мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әділет органдары өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асырады, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайды, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етеді, тобықтай түйінін айтсақ мемлекеттік биліктің басты органдарының бірі болып табылады.
Мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз ету бойынша әділет органдарының алдында қойылған міндеттерді іске асыру басқаларды қоса алғанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу жолымен жүзеге асырылады, себебі азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің басым көпшілігі заңға тәуелді деңгейде қабылданады.
Мемлекеттік тіркеу барысында әділет органдары уәкілетті органдар қабылдаған актіге оның қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне заң сараптамасын жүргізеді. Мұның мақсаты азаматтарың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қысым көрсетуді болдырмау.
Осы жұмыстың тиімділігі актінің тәжірибеде біркелкі қолдануын қамтамасыз етеді. Әділет органдарында актінің мемлекеттік тіркеу фактісі оның заңды күшіне енуі үшін қажетті шарт болып табылады.
Жоғарыда атап өткендей заңнамалық бастаманың және әлеуметтік-экономикалық өркендеу бойынша жоспарлардың көпшілігінің іске асырылуы жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен жүзеге асырылады, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жолымен. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Президенті атап өткендей: «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет.».
Ел Президентінің Жолдауында әділетті мемлекет құруға қатты екпін қойылады, бұл үшін адам құқықтарын қорғау саласында саяси өзгерістер талап етіледі.
Осыған байланысты жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, мұнда азаматтар мемлекетті басқару үдерісіне қатысуға белсендірек тартылатын болады.
Сонымен, Мемлекет Басшысының кезекті жолдауы, әр кездегідей, тәуелсіз еліміздің дамуына сенімділік білдіреді және әділет органдары осы жұмысқа белсенді қатысатын болады.
Нормативтік құқықтық актілерді
тіркеу бөлімінің басшысы А.Изатов