Меню

Страницы

Статья

Президенттің жолдауы - халықтың қолдауы

 

Қазақстан Республикасының Президенті Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауын жасады.

Жолдауда ұтымды ұсыныстар, кесімді пікірлер мен нақты тапсырмалар молынан кездесті. Соның бәрі – жалпы халықтың көңіл төріндегі көрікті ойларымен жымдаса қабысып жатқан жайттар. Жолдаудың басты артықшылығы осы, яғни, елдің талап-тілегімен үндестігі. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналды, еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары айтылды. Жолдау – егемен елімізді одан əрі дамытудың, биік табыстарға жеткізудің стратегиялық жолы. Бұл Жолдаудың ең басты ерекшелігі – халықтың əл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғаны болып отыр. Сол себепті де оны елдің игілігіне бағытталған тарихи құжат деп қабылдауға əбден болады. Шын мəнінде, Жолдау да айтылған барлық басымдықтар миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, олардың бəсекеге қабілеттіліктерін көтеретін тиімді тетіктер. Президенттің Үкіметке жүктеген әрбір тапсырмасы ел үшін тағдырлық маңызы бар, дамудың тынысын ашатын салаларды қамтиды.

Жолдау барлық Қазақстан қоғамын жаңартуды қамтамасыз ететін жаңа экономикалық саясатқа негіз болады. Президент сондай басым міндеттердің қатарында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сот жəне құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың жəне олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы екендігін де ерекше назар аударды. Мемлекет Басшымыз қанша қиын болсада шындықты айтып, бізді жұмылдыра, бірігіп жұмыс істеуге шақырады. Соған қарағанда барлығын қарастырып, жан – жақты ойластырып жұмыс істеуге шақырды.

Дата публикации
22 декабря 2020
Дата обновления
22 декабря 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы