Жеке сот орындаушысы - жоғары заңгерлiк бiлiмi бар, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензиясын алған, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын, республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Егерде, Заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе соттылығы бар, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған, сондай-ақ теріс себептермен мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттк органдарынан шығарылған адам, шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде, жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін бергенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жазаланған, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған, сондай-ақ жеке сот орындаушысы қызметiмен айналысу құқығына лицензиядан айырылған адам сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде жеке сот орындаушысы бола алмайды.
Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін тағылымдамадан өткен адам еркін нысанда "Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы жанындағы Оқу орталығы" мекемесіне жүгінеді.
Тағылымдаман өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарға тестілеуді жүргізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша тиісті жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары арқылы өзін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен қоса жібереді.
Сондай-ақ, "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
Лицензия алуға тапсырылатын құжаттар топтамасы:
а) оқу орнының атауы, дипломның нөмірі мен сериясы, берілген күні, мамандық пен біліктіліктің атауы, мамандық пен біліктіліктің коды, шетелдік дипломдар үшін - "Білім туралы" Заңға сәйкес дипломды нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат туралы мәліметтер;
б) лауазымын, ұйымның атауын көрсетіп, тағайындалған және босатылған күні, айы және жылы;
Көрсетілетін қызметті беруші өзінің интернет-ресурсында жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу күні, уақыты және орны туралы хабарландыру орналастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өтуі туралы шешім болып табылады.
Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
Үміткер өзінің таңдауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы. Тестілеу компьютерлік техника пайдаланыла отырып жүргізіледі.
Аттестаттау нәтижелері бойынша жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия аттестаттау өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей аттестаттаудан өткені не өтпегені туралы уәжді шешім шығарады.
Жеке сот орындаушысының лицензиясы атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген рұқсат болып табылады және оны уәкілетті орган тағылымдама мен аттестаттаудан өткеннен кейін береді.
Жеке сот орындаушысы лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар, судьялар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 34-бабының 1-бөлігінің 1),2),3),9),10),12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адамдар,прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл жұмыс істеген адамдар аттестаттаудан және тағылымдамадан өтуден босатылады.
Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне, жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатады. Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттерді өтеулі негізде жүргізеді. Жеке сот орындаушысы жасаған атқарушылық іс-әрекеттерге ақы төлеу «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңында белгіленген мөлшерлерге сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке сот орындаушысы өз қызметінде әділ әрі тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының, Қазақстан Республикасындағы атқарушылық іс жүргізуді реттейтін басқа да заңдарды, сондай-ақ халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Жеке сот орындаушысы өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн өз атынан және өзiнiң жауапкершiлiгiмен орындайды.
Қарқаралы ауданаралық сот актілерін орындау
жөніндегі аумақтық бөлімінің
басшысы –аға сот орындаушысы
А.Я.Армиева