Тәуелсіз, егеменді елдің басты белгілерінің бірі – тіл. «Тіл – мемлекет тірегі» әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей білуі міндетті. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам өзінің ана тілін, мемлекеттік тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз бұрмалануына қарсы тұруы тиіс. Мемлекеттік тіліміз – ең басты байлығымыз. Менің пікірім әрбір Қазақстандық азамат оны білу керек деп есептеймін. Қазақ тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқанындай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде Мемлекеттік тілге, ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадрлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Әрбір жүрегі елім деп соққан адамның өзінің халқына, тіліне деген ерекше сезімі болатыны сөзсіз. Ұлттық санасы ояу ғана адамның өз елінің шын жанашыры екені белгілі. Халқымыздың халықтығының басты белгісі – тілі болса, оның көркеюі үшін әлі де талай жұмыстар жасалуы қажет. Ресми іс-шараларда, қызметтік хат-хабар алмасуда, іскери қарым-қатынаста пайдаланатын міндетті тіл. Азаматтардың өтініштеріне де мемлекеттік тілде жауап беріледі. Мемлекеттік тіл барлық мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, қарулы күштерде пайдаланылады. Осыған орай, қазіргі таңда, Әділет органдарының тарапынан мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуде, оның мәртебесі мен маңызын арттыруға үнемі зор көңіл бөлінуде.
Қарағанды облысының Әділет департаментінің
зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің
жетекші маманы Абикеев А.Е.