Меню

Страницы

Статья

Атқару өндірісі саласында дауларды шешудің баламалы әдісі

Атқарушылық іс жүргізу – бұзылған құқықтарды қорғау және қалпына келтіру бойынша азаматтық іс жүргізу заңнамасымен бекітілген тәртіппен юрисдикциялы актілерді жәжбүрлеп жүзеге асыру. Соттар мен судьялардың заңды күшіне енген үкімдері, шешімдері, қаулылары, ұйғарымдары, бұйрықтары, сондай-ақ заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен сот актілерін орындауға байланысты басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлектіктер, басқа да заңды тұлғалар мен азаматтар үшін міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындауға жатады. Соттың үкімін, шешімін, қаулысын және өзге де сот актілерін әдейі орындамау, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі жасау қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соғады. Борышкердің сот актісін оның белгілі бір бөлігінде орындауға мүмкіндігінің болмауы не толық көлемінде орындай алмауы әдейі орындамау деп қарастырылмайды. Сот орындаушылары атқару құжатын алғаннан кейін сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған заңмен көзделген шараларды уақытында қабылдаулары қажет.

Банк шоттарын, олардағы ақша қаражатының, кредит және сақтандыру сомаларының, бағалы қағаздардың бар-жоғын тексеру, сондай-ақ борышкердің банкте тұрған осы және басқа мүлкіне тыйым салу қажет болған жағдайларда жоғарыда көрсетілген әрекеттерді санкциялау туралы дереу мәселе қою қажет. Борышкердің тұратын жері белгісіз болған жағдайда сот орындаушысы оған іздеу жариялау туралы мәселені шешу үшін сотқа ұсыным жасап, жүгінуге міндетті. Осы орайда сот орындаушылары атқару құжатының көшірмесін, атқарушылық іс қозғау туралы қаулының көшірмесін, борышкердің атқару құжатында көрсетілген мекен-жайда тұрмайтындығы туралы актіні, мекен-жай бюросының анықтамасын сотқа ұсынуға тиіс. Соттар борышкерді іздеу туралы қаулы шығарған кезде іздестіру жөніндегі шығындарды борышкерден жергілікті бюджеттің есебіне өндіріп алу жөнінде міндетті түрде көрсетулері қажет. Өндірілетін сомалардың мөлшерін шығарғанда іздеуді жүзеге асыратын органдар анықтаған шығыстарды негізге алу керек.

Борышкер сот актісінің уақытында орындалуына кедергі келтіретін әрекеттер (сот орындаушысан келуден жалтару, жұмыс орны мен тұратын жерінің өзгергені туралы хабарламау, сот орындаушысының талаптарын орындамау, сот орындаушысының заңды қызметіне кедергі келтіру және т.б.) жасаған жағдайда атқарушылық іс жүргізу органдары кінәлі адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі мәселені талқылауға тиіс.

Қарағанды облысы Әділет Департаменті

басшысының орынбасары

Базылов Р.А.

Дата публикации
27 ноября 2020
Дата обновления
27 ноября 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы