Меню

Страницы

Статья

Ұлттың жаңа болмысы мен азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық

Кез келген елдің болашағы өңірлер деңгейіндегі өзгерістерге байланысты. Бұл тұста өңірлердің теңгерімді әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мен өмір сапасының айырмашылық деңгейін қысқарту маңызды. Сондықтан өңірлерді дамыту ісіне қатысты тың идеялар тиімді жүзеге асатындығына толықтай сенімдіміз. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты мәселесі еліміздің басты бағыттарының бірі екені баршамызға мәлім. Әл-ауқат түсінігі әрдайым қоғамдағы жеке адамның жайлы өмір сүруі мен сәтті қызмет атқаруымен сипатталады. Сонымен қатар әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасы әл-ауқат құрылымындағы мына құрамдастарға ерекше мән береді: халықтың табыс деңгейі мен тұрғын үй жағдайын көрсететін материалдық әл-ауқат; халық денсаулығының жайы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін табиғи әл-ауқат; тұлға аралық қатынастар, қоғам өміріне араласуды айқындайтын әлеуметтік әл-ауқат; тұлғалық өсу, психикалық және рухани денсаулық, сенімді көрсететін эмоциялық әл-ауқат; жұмыстағы құзыреттілік пен еңбек өнімділігіне ықпал жасайтын кәсіби әл-ауқат. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты мәселесі еліміздің басты бағыттарының бірі екені баршамызға мәлім. Әл-ауқат түсінігі әрдайым қоғамдағы жеке адамның жайлы өмір сүруі мен сәтті қызмет атқаруымен сипатталады. Демек, «өмір сапасы» мен «өмір деңгейі» түсініктері әл-ауқат деңгейін көрсетеді. Ұлттың жаңа болмысы білімді болуды, еңбек етуді, кәсіби дағдыны қалыптастыруды, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершіліктің қажеттілігін, әділетті болуды және адалдық, ұқыпты­лық, тиянақтылықты қажет етеді. Бұл үшін «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесіндегі негізгі триадаларға аса жоғары дәрежеде мән бергеніміз жөн.

 

Қарағанды облысының

әділет Департаментінің

зияткерлік меншік құқықтары

бөлімінін жетекші маманы Абикеев А.Е.

Дата публикации
27 ноября 2020
Дата обновления
27 ноября 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы