Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасында тауар белгілерін тіркеудің құқықтық негіздері

Тауар таңбасы және қызмет көрсету таңбасы деген не? Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңының (бұдан әрі –Заң) 1-бабының 8-тармағына сәйкес тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi – тауар таңбасы) – осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi.

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес, тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн. Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн. Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн негiздер және тауар таңбасын тіркеуден бас тарту негiздерi Заңның 6, 7-баптарында көрсетілген.

Тауар таңбасын тіркеу үшін өтінімді ресімдеу және оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына беру қажет. Тауар таңбасын тіркеуге қойылатын талаптар Заңның 9-бабында тізбеленген. Өтінімге сараптаманы ҰЗМИ РМК кезең-кезеңмен жүргізеді: алдын ала сараптама және толық сараптама (сараптама жасау мерзімдері Заңның 11-бабында белгіленген). Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес алдын ала сараптама нәтижесі бойынша өтінім берушіге дәлелді қорытынды түрінде өтінімді қабылдау не қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарланады. Заңның 12-бабының 3-тармағына сәйкес толық сараптама нәтижесі бойынша уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі) тауар таңбасын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тіркеу фактісін Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшiрме растайды (Заңның 14-бабының 2-тармағы). Заңның 45-тармағына сәйкес Уәкiлеттi орган (Әділет министрлігі) қорғау құжатын беру жөнiндегі әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады. Тауар таңбасын тіркеуге байланысты заңды маңызы бар әрекеттерді жасаған үшін төлем Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №368 бұйрығымен бекітілген «Қазақcтан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық құқығындағы республикалык мемлекеттік кәсіпорын іске асыратын жұмыстар мен қызметтерге бағалармен» белгіленеді.

Тауар таңбасын тіркеуге өтінімге қойылатын талаптар Заңның 9-бабында белгіленген. 1. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс. 2.

Өтiнiм бiр үлгi бланкiде берiлуге және: 1) өтiнiм берушiнi, сондай-ақ оның орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгілемеге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi; 2) мәлiмделген белгiнi; 3) Тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуға тиiс. 1. Өтінiмге: 1) сараптама жүргiзу жөнiндегi сараптама жасау ұйымы қызметтерiнiң ақысы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi; 2) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхат; 3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс.

 

Қарағанды облысы Әділет департаментінің

зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлім

Дата публикации
17 ноября 2020
Дата обновления
17 ноября 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы