Қай кезде де әр елдің даму деңгейі, өркениеті біліммен тығыз байланысты. Білімді ел тез дамып, бәсекеге қабілетті, зайырлы елге аналады. Адам санасында ерекше, болмысы бөлек, ұғымдарды орналастыру арқылы, уялайды.
Мемлекет басшысы Касым – Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім саласында жан – жақты өзгерістер керек екенін айтып көрсетті. Соның ішінде азқамтылған, көп балалы отбастарын қолдау, дарынды балалардың қабілетін дамытудың жолын қарастыруды Үкіметке тапсырған болатын.
Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, білім сапасын ауыл мектептерінен бастап, жоғарғы оқу орындарына дейін жақсарту, сапалы, талапшыл мұғалімдерді дайындау, тәрбиені күшейту мемлекетіміздің болашағының зор кепілі. Тәрбиесіз берілген білім, қоғам үшін қауіпті, сондықтан білім мен тәрбие тең берілуі тиіс. «Ақыл азбайды, білім тозбайды»- деп халық даналығы айтқандай – дұниенің кілті білімде.
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
Тіркеу қызметі саласындағы
әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау
бөлімінің бас маманы
Н. Мейрманова