Ағымдағы жылдың 27 маусымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы", "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Азаматтық, Бюджеттік,Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және еңбек кодекстеріне, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы", "Жедел-іздестіру қызметі туралы"," Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Нотариат туралы", "Байланыс туралы" және "Прокуратура туралы"Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Аталған Заң шегінде "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңның 33-бабына өзгерістер енгізіліп, атқарушылық құжатта белгіленген айлық есептік көрсеткіш сома талаптарын орындамағаны үшін борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою туралы қаулы шығаруға негіз соммасы 20АЕК-тен 40 АЕК-ке өзгертілді, яғни борышкерлердің қарыз соммасы 40 АЕК-тен асқан жағдайда Қазақстан Республикасының аумағынан шығуына уақытша шектеу қою шаралары қолданылады.
Сот орындаушысы атқару құжатын іс жүргізуге қабылдағаннан кейін борышкерге тиісінше хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін борышкердің елден шығуына шектеу қолдануға мідетті.
Ал егерде, берешегі толықтай орындалған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде уақытша шектеуді алып тастау мерзімі белгіленді.
"Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне түзету енгізілді, яғни мүгедек-борышкерлер үшін ай сайынғы төлем және алимент бойынша берешектерді тек олардың ай сайынғы еңбекақысынан немесе өзге де табысынан есептейді, ал егер жұмыс істемесе, алатын жәрдемақылардан анықталатын болады.
95-бапта Бiр немесе бiрнеше, оның ішінде басқа сот орындаушыларының іс жүргізуіндегі атқарушылық құжат бойынша борышкердiң жалақысына немесе өзге де кіріс түрлерiне өндiрiп алу қолданылған кезде борышкер жалақысының немесе өзге де кірісінің кемiнде елу пайызы сақталуға тиiс.
Заңның 99-бабында сот орындаушысының алимент бойынша берешекті тоқсан сайынғы негізде анықтау туралы қаулы шығару және осы қаулыны танысу үшін атқарушылық іс жүргізу тараптарына үш жұмыс күні ішінде жіберу міндеті белгіленген.
Заңмен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану бойынша, осы өзгеріске дейін әкімшілік істерді аумақтық бөлім басшылары немесе оның орынбасарлары қараған болса,
бүгінгі күні мұндай істерді аудандық немесе қалалық әділет бөлімшелерінің басшылары да қарайды.
Бұдан әрі "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, борышкерге іздеу жариялау үшін сот орындаушысы іздестіру туралы қаулы шығаруы қажет, оны прокурор санкциялауы тиіс.
Сондай-ақ, "Нотариат туралы" Заңның 3-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, сот орындаушылары нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер ұсынылатын адамдардың тізбесіне енгізілді. Осыған байланысты сот орындаушылары өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша борышкерлерге қатысты нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтерді сұратуға құқылы.
Жеке сот орындаушылар /әрі қарай ЖСО/ үшін атқарушылық құжаттарды орындаудың ең ұзақ мерзімі белгіленген. Осылайша, өндіріп алушы мен жеке сот орындаушысы арасындағы келісімде айтылатын атқарушылық құжатты орындаудың өзге мерзімі алты айдан аспауы тиіс.
Мәжбүрлеп орындату шаралары атқарушылық құжатты қайта ұсыну мерзімі өткен жағдайда бұрын қайтарылған құжаттар бойынша атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініштері бойынша да күшін жояды.
Заңның 113-бабында атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жеке сот орындаушысының шығыстары да қосылады деп белгіленген.
Заңның 118-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ЖСО қызметіне ақы төлеу атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкердің қаражаты есебінен жүргізіледі.
ЖСО мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғанға дейін атқарушылық құжаттың талабын орындаған борышкерлерден өз қызметіне ақы төлеуді талап ете алмайды.
Сонымен қатар, оның қызметіне ақы төлеу сомасын бекіту туралы ЖСО қаулысы бойынша борышкерден ақы төлеу бір рет өндіріліп алынады, яғни басқа ЖСО өз төлемін өндіріп алу туралы атқару құжаты берілген ЖСО-ны қайта өндіріп алу алынып тасталады.
Сондай-ақ, сот орындаушылары үйден шығаруға, қоныстандыруға, бұзуға байланысты атқарушылық құжаттар бойынша, сондай-ақ Мүлікті тізімдеу және алып қою кезінде аудио -, фото -, бейнетіркеу жүргізуге міндетті екендігі көзделген.
«Жаңаарқа ауданаралық сот актілерін
орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалының басшысы-
аға сот орындаушысы Ғ.Т.Омаров