Өткен жылы 2019 жылы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялады. «Заман талабына сай тиімді мемлекет», «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика», «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі», «Қуатты өңірлер – қуатты ел» сияқты бес бөлімнен тұратын Жолдауда елімізде қордаланған проблемаларды шешу жолдары мен Елбасы стратегиясын жалғастыру бағыттары қарастырылды.
Соның бірі «Қуатты өңірлер – қуатты ел» Ең алдымен, азаматтық қоғам өкілдерінің, мемлекеттік органдардың, сарапшылардың келіп түскен ұсыныстары мен ұсынымдарын ескере отырып, Тұжырымдама жобасы пысықталды. «Аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі билік жергілікті маңызы бар міндеттерді шешу барысында экономикалық тұрғыдан мейлінше дербес болуы тиіс. Олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі заңнамалық актілерде нақты белгіленуі керек». Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру.
Үкімет жүйесіз бағдарламалар қабылдау тәжірибесін тоқтатып, тұрғын үй саясатын жетілдірудің бірыңғай моделін әзірлеуі қажет».
Баспана сатып алуға жағдайы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға алу тәртібімен қоныстану үшін мүмкіндік беру қажет.
Мемлекет 2022 жылға қарай осы мақсаттарға сәйкес 240 миллиард теңгеден астам қаражат бөледі.
Жеке бизнесті осы жұмыстарға тарту үшін жаңа шаралар қабылдап, мемлекет-жекеменшік әріптестік тетіктерін жұмылдырған жөн».
Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор жетістікке жетеді деп сенемін деді Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Кемелұлы.
Зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімі.