Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі

Жолдаудағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімінде білім саласына, экономиканы дамыту және әлеуметтік салалар мен халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған. Осылайша, мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде сөз қозғалды. Оқулықтар сапасын жақсарту, білім беруді жетілдіру, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесінің көтерілгені бізді қуантады. Сондай-ақ, орта және шағын кәсіпкерлікке жаңа серпіліс беріп, тың жобаларға екпін беріп, Үкіметке «Бизнестің жол картасы» аясында қаржы бөлдіру жөніндегі тапсырмасы кәсіпкерлік үшін үлкен қолдау көрсетуде. Тағы бір мәселе мектеп бітірушілердің қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру ең негізгі мәселе екендігіне, яғни орта білім берудің ұлттық стандарты болып табылатынын айтты. Сонымен қатар, қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап баратындығын, білікті педагог кадрлардың тапшылығы, оқушылардың білім сапасына тікелей әсер ететіндігін жеткізді. Президент жолдауында , біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. "Жеті түрлі ілім білетін" ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті деді. Оған қоса, «Бүгінде IT мен биотехнология саласындағы революция адамзатты өзгертіп жатыр. Сол себепті білім беру жүйесі жаңа реалияларға тез бейімделуді қажет етеді. Әлемдегі жетекші мектептер балалардың креативтік потенциалын дамытумен айналысады, цифрлық технологиялар мен нақты ғылымдарды оқытады. Педагогтар оқыту әдістемесін ойын форматына ауыстырып, үнемі жаңа мамандықтар мен дағдыларды ізденеді. Бәріміз Қазақстанды гүлденген, дамыған елге айналдыруға ұмтыламыз. Бұған жетудің кілті – сапалы және қолжетімді, қазіргі заманғы білім. Осы салаға қуатты күш беру маңызды болып отыр», - деді Тоқаев.

Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі

Дата публикации
07 сентября 2020
Дата обновления
07 сентября 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы