Сот орындаушысымен айқындалған алимент бойынша берешектің сомасымен атқару құжаты тараптарының келіспеу жағдайы
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының 99 бабының талаптарына сәйкес, алимент бойынша берешекті сот орындаушысы тоқсан сайын айқындайды.
Сот орындаушысы берешек айқындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қаулыны танысу үшін атқарушылық іс жүргізу тараптарына жібереді.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 169 бабына сәйкес, сот орындаушысының алимент бойынша берешекті айқындауымен келіспеген кезде кез келген тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот орындаушысының іс-әрекетіне шағым жасай алады.
Заңның 101 бабының 2 тармағымен, сот орындаушысының берешектi айқындау туралы қаулысына заңда белгiленген тәртiппен Заңның 127 бабына және ҚР АПК (ГПК РК) 250 бабына сәйкес шағым жасалуы немесе наразылық бiлдiрiлуi мүмкiндігі қарастырылған.
Қарағанды облысы Әділет департаментінің
атқару құжатын ұйымдастыру бөлімі