Меню

Страницы

Статья

Қуатты өңірлер-қуатты ел

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы-Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны үшін маңызды оқиға. Әркім өзі үшін басты бағытты табады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылғы 02 қыркүйекте халыққа Жолдауында ел мен қоғамның одан әрі дамуының ПАЙЫМЫ баяндалған, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық міндеттер белгіленген.

Еліміздің ең мықты өңірлерінің бірі – Қарағанды қаласы, ол өзінің көмірімен әйгілі және ірі индустриялық-өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени облыс орталығы болып табылады. Қарағанды облысында көмір өндіретін ірі кәсіпорындар, машина жасау, металл өңдеу және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары жұмыс істейді. Біздің елімізде мұндай аймақтар көп.

Елімізде көптеген өңірлерде құрылысқа көп көңіл бөлінеді. Президент өз Жолдауында бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу қажеттігін атап өтеді. Мұнда негізгі қағидат – әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Сондай-ақ, Жолдауда Елбасының 2019 жылы іске қосқан "Бақытты Отбасы" жаңа бағдарламасы бойынша 2% жеңілдікті мөлшерлеме және 10% бастапқы жарна бар екендігі айтылған. Бұл өте тиімді шарттар. Жыл соңына дейін кемінде 6 мың отбасы осы бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алады. Бірінші кезекте, көпбалалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қамтылатын болады. 2020 жылдан бастап жыл сайын осындай 10 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Бұл өте қуантады.

Елбасының тапсырмасы бойынша "Сарыарқа"газ құбыры магистралды желісінің бірінші кезегінің құрылысы аяқталып келеді. 2020 жылдан бастап Нұр-сұлтан қаласында және Қарағанды, одан әрі Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында тарату желілерін салу бойынша жұмыс басталады.

Ойға алғанымызды орындау шын мәнінде тарихи ауқымдағы серпіліс жасауға мүмкіндік береді. Ол үшін Қазақстан Республикасы уақытпен бірге қадам басуы керек. Нақты практикалық істердің бұл бағдарламасы, әрине, барлық қазақстандықтарға қатысты.

Барлық Жолдау арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына деген сенімі қызыл жіппен өтетінін атап өткім келеді. Дәл осы сенім Президентке Қазақстан барлық сынақтарды еңсеріп, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіретінін сенімді түрде айтуға мүмкіндік береді деп айтуға болады. Біз Президенттің жаңа бастамалары ел азаматтарының жүрегінде және санасында үн қосатынына нық сенімдіміз және Біз мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын барлық жағынан қолдаймыз.

Дата публикации
07 октября 2020
Дата обновления
07 октября 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы