Жаһанданумен бірге білім мен ақпараттық технологиялар, ішкі жəне сыртқы сауда-саттықтың жəне бəсекелестіктің одан əрі күшеюіне себеп болуда. Сонымен қатар қазіргі таңда елдердің дамуы білім деңгейімен өлшенеді. Елбасы Н.Ə.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Дамыған, бəсекеге қабілетті мемлекет болуымыз үшін біз сапалы білімге ие, сауаттылығы жоғары елге айналуымыз қажет», — деп айтқан болатын.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіндегі ең негізгі мəселе бұл жүйенің толық, басы бүтін жұмыс істемеуіне байланысты болып отыр. Бұл жүйемен толық, басы бүтін шұғылданбайынша, қосалқы бөлімдеріндегі жақсарту жұмыстарынан оң нəтижелер күту қисынсыз. Мысал ретінде, балықтары жиі-жиі өлетін аквариумдағы ауру, əлсіз балықтарды ауыстыра берудің орнына аквариумдағы лас, тұрып қалған суды ауыстыру керек.
Осы секілді, білім беру жүйемізді уақыт талаптарына жəне қажеттіліктеріне жауап бере алатын жəне жүйенің тиімді, табысты жұмыс жасауы үшін білім беру жүйесіне бөлінетін қаржы болсын, назар болсын барлық ресурстардың осы жүйенің толық сапалы жұмыс істеуіне бөлінуі керек сияқты.
Осы орайда, білім беру қызметінің сапасына байланысты дайындалған бұл мақаланың негізгі мақсаты — елімізде əрбір адамның көкейінде жүрген, алайда, басшылардың немғұрайлы қарайтын, күрмеуі көп білім беру қызметінің сапасын көтеруге кішкене болса да үлес қосу. Осы мақсатта бұл мақалада жалпы сапа, қызмет көрсету сапасы, білім беру сапасы, сапа элементтері жəне оны жоғарлату əдістері туралы теориялық тұрғыдан сөз қозғалады.