Меню

Страницы

Статья

Үкіметтік емес ұйымдардың тіркеу ерекшеліктері

Үкіметтік емес ұйымдардың тіркеу ерекшеліктері

 

Қарағанды облысының Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі келесі қызметін: құрылған, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді, жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, заңды тұлғалардың қорлары мен бірлестіктерін есептік тіркеуді, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді жүзеге асырады.

Үкіметтік емес ұйымдар (әрі қарай-ҮЕҰ) өз қызметін, жарғысы негізінде жүзеге асыратын жеке тұлғалармен құрылған және (немесе) ресми (үкіметтік) институттарының қатысуысыз заңды тұлғалары болып табылады.

Үкіметтік емес ұйымдардың негізгі жағдайлары және тіркеу процедуралары Азаматтық Кодексімен және басқа да қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріме ресімделеді.

Үкіметтік емес ұйымдар келесі нысанда құрылады: қоғамдық бірлестіктер, қорлар, мекемелер, заңды тұлғалардың бірлестігі және басқа да заңнамалық актілерімен қарастырылған түрінде.

Үкіметтік емес ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылғаннан, мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды қарау барысында ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңдарын қолданысқа алынады.

Мемлекеттік тіркеу кезіндегі қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Бірлестік: қабылданған Жарғы, құрылтай съезінде (конференциясында, жиналысында); съездің (конференцияның, жиналыстың) төрағасы мен хатшысы қол қойған Жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференциясының, жиналысының) хаттамасы); Тегі, Аты, Әкесінің аты( бар болса), ЖСН, тұрғылықты жері, үй және қызмет телефондары, жеке қолы көрсетілген қоғамдық бірлестіктің бастамашы-азаматтарының тізімі;

қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжат; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.

Қоры: Жарғы; құрылтай шарты (құрылтайшылардың саны біреуден артық болған жағдайда); жарғыны бекіту туралы уәкілетті органның шешімі; алқалы органның (қамқоршылық кеңестің) атқарушы органды тағайындау туралы шешімі; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.

 

 

 

Орындаған:

Тіркеу қызметі саласындағы

әдістемелік қамтамасыз ету және

бақылау бөлімі

Дата публикации
30 октября 2020
Дата обновления
30 октября 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы