Меню

Страницы

Статья

Нормативтік құқықтық актілерді автоматизациялау

 

Нормативтік құқықтық актілерді автоматизациялау

 

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, нормативтiк құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган қабылдаған, құқық нормаларын белгiлейтiн, өзгертетiн, толықтыратын, олардың қолданысын тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгiленген нысандағы, қағаз жеткізгіштегі жазбаша ресми құжат және сонымен бірдей электрондық құжат.

          Жалпы мемлекеттік аппараттың ең басты міндеттірінің бірі заң шығару қызметі болып табылады. Заң шығару қызметінің рәсімдері- бұл нормативтік құқықтық актіні қабылдауды қамтамасыз ететін міндетті, қатаң реттелген,  заңды және логикалық негізделген әрекеттер тәртібі.

          Қазақстанның заң шығару рәсімі мемлекеттік органдарды әзірленген құқықтық актілердің әрбір жобасын «ашық НҚА» порталында жариялауды талап етеді, онда кез келген адам электронды цифрлік қолтаңбасы болған жағдайда өзінің пікірін, сұрағын, ескертпесін немесе ұсынысын қалдыра алады.

            Порталда шектеу қойылған мәліметтерді қоспағанда заң концепциясының жобасы және нормативтік құқықтық актілердің жобасы түсініктеме жазбасы мен салыстыру кестесі қоса орналастырылады (заң актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда) ( бұдан әрі- жобалар).

         Жобалар порталда мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолданғанға дейін орналастырылады.

         Негізі нормативтік құқықтық актілерді қабылдау келесі кезендерден тұрады: әзірлеу, талқылау, қабылдау, келісу, тіркеу, қолданысқа енгізу.

          Норма шығару қызметін автоматизациялау қажеттілігі және өзектілігі бірінші кезекте нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісумен ерекшеленеді.

          Бұл кезенде мүдделі мемлекеттік органмен әзірлеуші мемлекеттік органға нормативтік құқықтық актінің жобасына келісім беру жөнінде шешім қабылдау туралы хабарлама, немесе  МОИП бойынша түзетілетін ескертулері бар электрондық құжат нысанында хат, немесе келісуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанда хат   жолданады. Бұл ретте құжатты «тірілей» қол қоюға қажет емес.  Яғни қосымша уақыт созуға және бюрократизмге жол берілмейді.

             Ескертулер жойылғанда және нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келген жағдайында: нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды шығарылады, содан кейін нормативтік құқықтық акт автоматты түрде Нормативтік құқықтық актілердің мемелекеттік тіркеу тізіліміне енгізіледі және мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі.

          Жоғарыда айтылғанның негізінде нормативтік құқықтық актлерді автоматизациялау мемлекеттік функцияны жүзеге асырудың тиімді және үнемді жолы болып табылады деп қорытындылауға болады.

 

 

 

 

Нормативтік құқықтық

актілерді тіркеу бөлімінің

бас маманы                                                                          Таттимбекова Ф.К

Дата публикации
23 октября 2020
Дата обновления
23 октября 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы