- Негізгі бағыттар
Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес бірнеше маңызды міндеттерді қамтиды. Бұл бағыттар, ең алдымен, алдын алуға мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қарағанды облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысының негізгі бағыттары:
- Консультациялық көмек көрсету және түсіндіру жұмысы:
- Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес беру.
- Бұзушылықтың алдын алу мақсатында дәрістер, семинарлар, түсіндіру іс шараларын өткізу.
- Өтініштерді қарау және әдепті бақылау:
- Мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша немесе берілген өкілеттіктер шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
- Қызметтік әдеп нормаларының сақталуына мониторинг және бақылау жасау.
- Ұжымда ахуалды жақсарту:
- Ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемесу.
- Құқықтарды қорғау:
- Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайлара, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау.
- Атқарылған іс-шаралар және алдын алу және түсіндіру жұмыстары
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022- 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында, Әділет министрлігінің Аппарат басшысының бұйрықтарымен бекітілген 2025 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс шаралар жоспары негізгінде, Қарағанды облысы Әділет департаменті 2025 жылға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс шаралар жоспары бекітілген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы №7 бұйрығымен ұсынылған Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары негізінде, Қарағанды облысы Әділет департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша келесі іс шаралар атқарылды.
- Әдеп жөніндегі уәкілдің облыстың шалғай аудандардарының тұрғындарымен (Нұра ауданы, Қарабас кенті) кездесу және халықты жеке қабылдау 2025 жылы – 2 кездесу ұйымдастырылды.
- «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, Жастар ұйымдары өкілдерінің, психологтың қатысуымен «Мен өмірді таңдаймын» атты нашақорлықтың, есірткі бизнесінің және лудоманияның алдын алуға баса назар аудара отырып, жастар арасында құқықтық сауаттықты арттыру бойынша семинар өткізілді.
- Әділет департаменті Қарағанды облысының аудандарында жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен «Заң атынан диалог»: құқықтық сауаттылық және қоғамның қауіпсіздігі» атты ашық пікір өткізді.
- Оның негізгі міндеттері: халықтың сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс деңгейін төмендету және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.
- Мемлекеттік органның қызметімен танысу және мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру үшін оқушылардға, студенттерге «Ашық есік күні» 2 акциясы ұйымдастырылды.
2025 жылы Қарағанды облысы Әділет департаменті Әдеп жөніндегі Уәкілдің қатысуымен
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саласындағы заңнаманың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша 9 семинар өткізілді. («Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары», «Іскерлік әдеп және ресми мінез құлық қағидаларын сақтау, «Ойын мекемесіне барудан бас тарту», «Әріпестерге діни нанымды таңбау, қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу, деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстар», «Ұжымда жалпы қабылданған моральдік-әдептілік нормаларына сәйкес келетін қарым-қатынас мәдениеті» тақырыптарында және т.б);
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Ережелеріне сәйкес, 2025 жылдың 1 және 2 жартыжылдығы қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
- Ұжымда жағымды атмосфера құру үшін әдептілік құндылықтарын дәріптеу бойынша іс шараларды ұйымдастыру бойынша, мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді көтермелеу, лайықты мемлекеттік қызметші үлгісін жария ету арқылы мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында Әділет департаментінің қызметкерлері туралы жарияланған имидждік мақалалар саны- 5.
- Ұжымдағы қарым қатынас деңгейін бағалау және оны жақсарту тақырыбында өткізілген сауалнамалар саны-2
- Әділет департаментінің интернет ресуртарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бойынша жарияланған мақалалар саны-2 («Мемлекеттік қызметшінің этикалық нормалары», «Қарағанды облысы Әділет департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралары туралы»).
- Жобалар картасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» 4 жобасының 2-қосалқы тапсырмасына сәйкес, «Doсumentolog» ақпараттық жүйесінде онлайн-курстан өтіп, курсты сәтті аяқтаған қызметкерлер саны-46 ( Барлық қызметкерлердің 93,8% құрайды).
- 2025 жылдың қорытындысы бойынша азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғау үшін Әдеп жөніндегі уәкілге жүгінулер түскен жоқ.
Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін Әділет департаментінің мемлекеттік қызметшілері есепті кезеңде тартылған жоқ.
Есепті кезеңде теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің «Ақпараттық сервис» жүйесі арқылы жыл басында қызметшілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мониторингі жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары жыл сайын кірістер мен мүлік туралы салық декларациясын ұсынады.
Қарағанды облысы Әділет
департаментінің бас маманы
М.Муздыбаева