Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік тіл –ел бірлігінің негізі

 

 

Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі!

1997 ж. 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының тіл туралы заңының 4- бабында -Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі болып белгіленген. Мемлекеттік тіл –елдің тұтастығы мен бірлігі, ұлттық болмыс пен рухани құндылықтың тірегі. Мемлекеттік тілдің қоладнылу аясы-елдің дамуы мен болашағын айқындайтын маңызды көрсеткіш.

Тіл-ұлттың жаны, рухы, болмысы. Мемлекеттік тілдің қоғам өмірінде кеңінен қолданылуы-ұлттық бірегейлікті сақтаудыдың, рухани тәуелсіздікті нығайтудың кепілі.

Рухани кодымыздың негізгі тұғыры, ұлттың күллі қастерлі ұғымдарын, қасиеттерін бойына жиған өзегі тіл болып табылады. Көп тіл білу заман талабы. Ал мемлекеттік тіл-ел бірлігінің басты факторы.

Менің ана тілім-шексіз бай, тегеуріні мықты тіл. Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, анамның әлдиімен бойыма сіңіріп келе жаткан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбатты тіл. Мен үшін қазақ тілі-менің мәртебем! Қазақ қазақпен қазақша сөйлессе, басқа ұлт қайда барады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демей ме халық. Ең жақсы адам-ана тілін құрметтеген адам.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Қазақ боламыз десек-Қазақ Тілін отбасымыздан бастауымыз керек. 

 

Мақаланы жазған:

Қарағанды қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы

Қ.Б. Батталғазина

 

Дата публикации
23 сентября 2025
Дата обновления
23 сентября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы