Меню

Страницы

Статья

Коммерциялық емес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу

          Республикамыздың қоғамдық-саяси өмірінде негізгі орынды иеленетін ұйымдар бұл мемлекеттік тіркелген коммерциялық емес ұйымдар. Оларға негізінен мекемелер, қоғамдық және діни бірлестіктер, қоғамдық қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастығы, тұтыну кооперативтер, т.б. жатады. Бұл мекемелердің әр қайсысы қоғамның саяси, әлеуметтік, діни, мәдени, білім беру саласына қатысты өз жұмыстарын жүзеге асырады.

Коммерциялық емес ұйым деп негізгі мақсаты пайда табумен байланысты емес және тапқан табыстарын құрылтайшылар арасында бөлмейтін заңды тұлға танылады. Коммерциялық емес ұйымдар қызметін жалпы реттеу үшін 2001 жылдың 16 қаңтарында «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған. Коомерциялық ұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, тарату осы Заң бойынша жүзеге асырылады.

          Коммерциялық ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық шараларды жүзеге асыру үшін, адамдардың құқықтары мен мүдделерін, өмірі мен денсаулығын қорғау және қолдау, рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, дене шынықтыру мен спорт саласындағы шараларды жүзеге асыру үшін және өзге де қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылады.

          Енді коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қысқаша сипаттама беріп өтейік.

а)Әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылған ұйым мекеме деп аталады. Мекеменің құрылтайшымен бекітіліп берілген мүлікке құқығы болады және ол азаматтық заңдармен қорғалады. Мекемелер білім беру ұйымдары, жеке меншік мекемелер болып құрылуы мүмкін. Жеке меншік мекемелер өз міндеттемелері бойынша өзінде бар ақшамен жауап береді.

б) Қазақстан Республикасының Конституциясына және зңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен құрылған және тек мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйым мемлекеттік мекеме деп аталады. Мемлекеттік мекемеге мүлкі оралымды басқару құқығымен беріледі.

в)Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым қоғамдық бірлестік болып танылады. Қоғамдық бірлестік мүшелері өздері берген мүлікке немесе салған жарналарына құқықтары болмайды, яғни одан үлес алмайды.

г)Азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйымдар қор деп танылады. Құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай қорлар жеке, корпоративтік, қоғамдық, мемлекеттік деп бөлінуі мүмкін.

д)Мүшелік негізде қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооператив деп танылады.

ж)Рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортықтығы негізінде заң актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен азаматтардың ерікті бірлестігі діни бірлестік деп аталады.

Коммерциялық емес ұйымды тіркеу құрылтайшылардың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Қоғамдық және діни бірлестіктер құрылтай жиналысының шешімімен құрылады. Құрылтай жиналысы он адамнан кем емес азаматтар тобынан құрылады және осы жиналыста оның жарғысы қабылданады және оның органдары құрылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың құрылтай құжаттарына келесілер жатады:

Мекеме үшін – меншік иесінің бекіткен ережесі және мекеме құру туралы шешімі;

Қор, тұтыну кооперативі үшін – құрылтайшылар бекіткен жарғы мен құрылтай шарты;

Қоғамдық және діни бірлестіктер үшін – жарғы.

Коммерциялық ұйымның жарғысында келесі мәліметтер болу керек: коммерциялық емес ұйымның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, қызетінің мәні мен мақсаты, орналасқан жері, басқару органының құрылымы оны қалыптастыру тәртібі мен құзыреті, мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, мүшелігіне қабылдау тәртібі мен шарттары, мүлкінің құралу көздері, құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі, қайта құру мен тарату тәртіптері, филиалдар мен өкілдіктерін құру тәртібі көзделуі керек.

Коммерциялық емес ұйымдардың ішіндегі діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу туралы қысқаша түсініктеме. Діни бірлестікті тіркеу үшін келесі құжаттар тапсырылады: тіркеу туралы өтініш; құрылтай съезінде немес жиналысында қабылданатын жарғы не ереже; нөмірденген, тігілген және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған жарғыны не ережені қабылдаған жиналыс хаттамасы; аты-жөні, туған жылы, туған жері, мекен-жайы, үй немес қызметтік телефоны көрсетілген, қолы қойылған бастамашы азаматтардың тізімі; аты-жөні, туған жылы, туған жері, мекен-жайы, үй немес қызметтік телефоны көрсетілген, қолы қойылған діни бірлестіктің басқару органының мүшелерінің тізімі; тіркеу алымын төлегені туралы квитанция.

          Мемлекеттік тіркеу мерзімі тоқтатылады, егер діни немесе өзге сараптама жүргізу қажет болса, сондай-ақ тапсырылған құрылтай құжаттары заңнамаға сәйкес келмесе.

Діни бірлестіктерді тіркегенде (қайта тіркегенде) бірқатар мәселелер туындайды. Яғни, діни бірлестіктердің құрылтай құжаттарына сараптама жасайтын Қарағанды облысы әкімі жанындағы діни сараптама комиссиясы бойынша мәселелер болады. Заңды тұлғаның қай діни сенімге жататыны туралы комиссия қорытындысы мемлекеттік тіркеу мерзімін тоқтату немесе бас тартуға негіз бола ма деген сұрақ туындайды. Сондай-ақ діни сараптаманы жүзеге асыру мерзімі анықталмаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

бөлімінің бас маманы                                                            А. Абекеева

Дата публикации
25 июля 2025
Дата обновления
28 июля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы