Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі.

 Тіл – ұлттың жүрегі. Ол соғып тұрса, халық тірі, ел аман. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің мәңгілік болмысының алтын арқауы, рухани тұғыры. Ол – ұрпақты ұлы мұраттарға ұмтылдыратын, елді ел ететін, жұртты жұдырықтай жұмылдыратын құдіретті күш. Қазақ тілі – сан ғасырлық тарихы бар, ұлы даланың үні мен тынысы сіңген киелі тіл. Бұл тілде бабаларымыз ел қорғады, жер ұсынды, ерлік жырларын жазды, даналық сөздерін қалдырды. Қазақ тілі – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттың жаны, намысы, тарихы мен тағдыры. Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің айқын нышаны. Ол – елдіктің ерен белгісі.

Мемлекеттік тілді құрметтеу – Отанды сүюдің бір парасы. Себебі тіл – ұлттық қауіпсіздіктің, рухани егемендіктің тірегі. Тіл бар жерде ұлт бар, тіл өлсе – тұтас бір халықтың болмысы көмескі тартады. Сондықтан да мемлекеттік тілді сақтау мен дамыту – әр азаматтың перзенттік парызы. Бірлігі бекем елдің тілінде де тұтастық бар. Тіл ортақ болса, жүрек те ортақ, арман да, мақсат та бір болады. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – ұлттың мерейін үстем ету. Қазақ тілі ел ішіндегі түрлі этностарды біріктіретін ортақ ұғымға айналуы тиіс. Бұл — татулық пен тұрақтылықтың берік негізі. Қазіргі таңда қазақ тілі жаңа белестерге қадам басып келеді. Білім мен ғылым тіліне, технология мен инновация тіліне айналуы – уақыт талабы. Мемлекеттік тілді құр сөзбен емес, іс жүзінде қолдауымыз керек: балаларымызды қазақ мектебіне беру, күнделікті тұрмыста қазақ тілін қолдану, мәдени кеңістікті қазақша қалыптастыру — нағыз патриоттық ұстаным.

Ұлы Абайдың: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген асыл тәмсілі бар. Бізге сөзімізді жоғалтпау үшін, өзімізді жоғалтпау үшін, мемлекеттік тілді шын мәнінде мемлекет тілінде сөйлеу тіліне айналдыру қажет. Ол — болашақтың тілі, ұрпақтың үміті. Қазақ тілі – тек қазақтың ғана емес, Қазақстанды мекендеген әрбір азаматтың ортақ мұрасы. Оны үйрену – міндет, құрметтеу – парыз, қолдану – борыш. Сонда ғана біз біртұтас ұлт бола аламыз.

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің алтын қазығы. Оны ардақтау – елдікті ардақтау.

 



 

 

  Қарағанды қаласының мәжбүрлеп

 орындату жөніндегі аумақтық бөлімі

Дата публикации
28 апреля 2025
Дата обновления
28 апреля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы