Меню

Страницы

Статья

Атқарушылық құжаттарды орындауға беру мерзімдері, атқарушылық құжатты беру кезіндегі мерзім үзіндісі

         

   "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес атқарушылық құжаттар заңды күшіне енгеннен кейін бес жұмыс күнінен соң мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін. Сот шешімдерінің негізінде берілетін атқару парақтары мен сот бұйрықтары, атқару жазбалары мәжбүрлеп орындауға 3 жыл ішінде ұсынылуы мүмкін.  Бір жыл ішінде - әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған соттардың қаулылары; егер заңда өзге мерзімдер белгіленбесе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулылары қаралады.

          Мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы (алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан және басқалардан келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша) шешімдердің негізінде жазылған атқарушылық құжаттар төлемдер тағайындалған барлық уақытта күшін сақтайды. Мұндай жағдайларда мерзімдер әрбір төлем үшін жеке есептеледі.

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес атқарушылық құжатты орындауға ұсыну мерзімі үзіледі және қолданылмайды:

  • атқарушылық құжат орындауға берілгенде;
  • борышкер атқарушылық құжатты iшiнара орындағанда, сот орындаушысы бұл жөнінде атқарушылық құжатқа белгі қояды;
  • егер борышкерлер iздестiрді кезiнде болса.

Үзiлiстен кейін мерзiмнiң өтуi қайтадан басталады, бұл ретте үзiлiске дейiнгi өткен уақыт жаңа мерзiмге есептеледi. Үзiлiстен кейiнгi жаңа мерзiм атқарушылық құжат бойынша өндiрiп алу толық немесе iшiнара жүргiзiлмей, ол өндiрiп алушыға қайтарылған күннен бастап есептеледi.

          Егер атқарушылық құжат сот орындаушысына мерзімін өткізіп бере отырып ұсынылса және бұл мерзімді сот қалпына келтірмесе, онда "атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңның 38-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес атқа

зғаудан бас тартады.

Дата публикации
17 февраля 2025
Дата обновления
03 февраля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы