Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенциясы
Функционалдық өкілеттіктер шеңберінде әділет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек және шет мемлекеттермен ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды орындауды жүзеге асырады.
Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құжаттарды талап ету бөлігінде Тәуелсіз Мемлекеттер елдерінің азаматтарына құқықтық көмекті қамтамасыз ету мақсатында өзара іс-қимыл 1993 жылғы 22 қаңтардағы Минск қаласында қол қойылған және 2002 жылғы 07 қазандағы Кишинев қаласында жасалған «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» Конвенциялар шеңберінде жүзеге асырылады, сондай-ақ, халықаралық шарттар мен келісімдерге (бұдан әрі-Конвенциялар) сәйкес.
Конвенцияларды орындау-бұл азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру үшін құқықтық көмек көрсету талап етілетін республика бойынша тұтастай алғанда мемлекеттің мүдделерін білдіру. Конвенцияны іске асыру тұтастай алғанда халықаралық әлеуметтік маңызға ие.
Аталған Конвенцияларға сәйкес өңірлік әділет органдары мен тіркеуші органдар жеке тұлғаларға азаматтық хал актілері саласында құқықтық көмек көрсетеді.
Конвенцияларды орындау кезінде құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманың мазмұнына, нысанына, сондай-ақ қарым-қатынас тәртібіне, тапсырмаларды орындауға, құжаттарды жіберуге және т. б. бірқатар талаптар қойылады.
ТМДелдеріменөзара іс-қимыл Минскқаласындажәне2002жылғы07қазандаКишиневқаласында қол қойылған 1993жылғы22қаңтардағыКонвенцияларшеңберіндежүзеге асырылады.
Мәлімет үшін, 2023 жылғы 28 маусымнан бастап Ресей Федерациясы үшін 2002 жылғы Конвенция күшіне енді, 2002 жылғы Конвенцияның 120 – бабының 3-тармағына сәйкес Конвенцияға қатысушы мемлекеттер арасында 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция және 1997 жылғы 28 наурыздағы Хаттама қолданысын тоқтатады.
Басқа елдермен өзара іс-қимыл халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады (Қытай, ҚХР, Түркия, Үндістан, Болгария, Германия, Литва, Латвия, Пәкістан, Моңғолия және т.б.).
2023 жылдың 29 желтоқсанында Украина өзінің жазбасында Конвенциялардан шығатынын мәлімдеді.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта Украинамен хат алмасу сыпайылық пен өзара қарым-қатынастың халықаралық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Ресей Федерациясымен және Өзбекстан Республикасымен құжаттарды жіберу тікелей ведомстволық бағынысты аумақтық әділет органдары арқылы, сондай-ақ 2002 жылғы Конвенциялар шеңберінде АХАТ органдары арқылы жүзеге асырылады