Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, атқарушылық құжаттарды орындамау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін елеулі құқық бұзушылықты білдіреді.
Заңды күшіне енген барлық сот актілерін барлық азаматтар мен заңды тұлғалар орындауға міндетті. Оларды елемеу құқықтық тәртіп пен әділеттіліктің негізгі принциптерін бұзады.
Заңнаманың ережелеріне сүйене отырып, соттың міндетті шешімін қасақана орындамау қылмыс ретінде қарастырылады, бұл жазалау шарасын қолдану қажеттілігін тудырады.
Мұндай әрекеттер үшін жаза айыппұл санкцияларын, бас бостандығын шектеуді немесе бірнеше жылға дейін бас бостандығынан айыруды қамтуы мүмкін.
Бұл норма Қазақстан Республика Қылмыстық Кодексінің 430 бабында бекітілген (бұдан әрі-ҚР ҚК) ( Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау).
Егер атқарушылық құжатты орындамау елеулі залал келтіруге әкеп соқтырса немесе борышкер міндеттемелерді орындаудан әдейі жалтарса, мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға болады.
ҚР ҚК-і айыппұлды да, бас бостандығынан айыруды да жазалау шараларын белгілей отырып, осы аспектілерді реттейді.
2024 жылдың өткен кезеңінде ғана Қарағанды облысы бойынша қылмыстық қудалау органдары ҚК-нің 430-бабы бойынша 26 қылмыстық құқық бұзушылық, ҚР ҚК-нің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) 35 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеді.
Мұндай әрекеттер үшін жаза айыппұл санкцияларын, бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды қамтиды. Бұл сот шешімдерін орындаудың және азаматтардың құқықтарына кепілдік берудің маңыздылығын көрсетеді.
Мәселен, 2024 жылдың 9 айында Қарағанды облысының соттары сот актілерін орындамағаны үшін 20 адамды соттады, оның ішінде ҚР ҚК 430- бабы бойынша 6 адамды, ҚР ҚК 139- бабы бойынша 14 адамды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сот шешімдерін орындау азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық жүйенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Бұл Ереже құқықтық тұрақтылықты сақтау және сот жүйесіне деген сенімділікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департамент прокуроры
А.Г. Керейбаев