Меню

Страницы

Статья

«Мемлекеттік тіл»

Тәуелсіз, егеменді елдің басты белгілерінің бірі – тіл. «Тіл – мемлекет тірегі» әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей білуі міндетті. Қазақ тілі-аса бай тіл, рухани тіл, әдеби тіл, тәртіп тәрбие сақтай білетін тіл, ана сүті арқылы бойға дарыған тіл ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Ол байланыс құралы ғана емес, тарихымыздың ажырамас бөлігі, діліміздің тірегі, мәдениет пен әдебиеттің биік тұғыры. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.

Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі елімізде барша азаматтар үшін ұлты мен нәсіліне қарамастан темірқазық тілге айналуы керек. Басқаша болуы да мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, мәселен, өркениетті елдердің қай-қайсысына барсаңыз да, мемлекеттік тілдерінің үстем екенін байқайсыз. Сол елдің барлық азаматтары бір тілде сөйлеп, бір тілде тіршілік жасайды. Ал, бірақ ұлттары әртүрлі болуы мүмкін. Демек, мемлекеттік тілдің өзі қоғамды топтастырып, елді біріктірудегі тигізер үлес-салмағы аз емес. Осы тұрғы­дан келгенде мемлекеттік тілді ар­дақтап, құрметтеуді әрбір қоғам мүшесі саналы түрде үйренсе дейсің. Президентіміздің жуыр­дағы мақаласында санамызды өзгерту жайы жақсы айтылды. Сананы өзгертудің бір ұшы мемлекеттік тілге деген оң көзқарас орнықтырып, соған сай әрекет етуге көшуде жатқан жоқ па?!

 «Мемлекет өз тарапынан тиісті нәрсенің бәрін жасап жатыр, бүгінгі күні қазақ тілінің тиісті мемлекеттік мәртебесі бар. Тиісті заң бар. Ол іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндік береді. Ол заң кез келген жерде мемлекеттік тілде сөйлеуге, кез келген қағазда мемлекеттік тілде жазуға, қажет жерінде сол тілде жауап алуға жағдай жасайды. Әлі-ақ, қазақ тілі тіршілігіміздің барлық саласында кеңінен қолданылатын болады, тек оны насихаттай білуіміз керек. Қазақ тілін дамытуда әр сала өз үлесін қосуда. Тек сонда ғана әр қазақстандық қазақ тілін игеріп, еркін ойын жеткізіп, сөйлесе алатын болады.

Тіл – халықтың тарихы.  Ана тілін қамқорлыққа алу баршамыздың қоғам алдындағы қасиетті парызымыз! Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін.

 

Қарағанды облысының Әділет департаментінің

зияткерлік меншік  құқықтары бөлімінің

бас маманы Абикеев А.Е.

 

Дата публикации
31 октября 2024
Дата обновления
20 июня 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы