Меню

Страницы

Статья

Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерi мен салдары.

     

     "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңның 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжат орындауға берілген күннен бастап атқарушылық iс жүргiзу мәселелері бойынша сот орындаушысы қабылдайтын шешімдер қаулылармен ресімделеді.

      Сот орындаушысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қаулылар қағаз жеткізгіштегі қаулылармен тепе-тең мәнде болады..

     Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерi Заңының 47 бабына  сәйкес қолданылады:

      1) өндiрiп алушы өндiрiп алудан бас тартса;

      1-1) берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енсе;

      2) өндiрiп алушы мен борышкер бiтiмгершілік келiсiмiн жасасса және оны сот бекiтсе;

      2-1) атқарушылық іс жүргізу тараптары медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасса;

      3) шешiмде белгiленген талаптар немесе мiндеттер өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін қайтыс болған адамның құқықтық мирасқорына ауыспайтын болса;

      4) борышкерді белгілі бір әрекеттерді жасауға міндеттейтін атқарушылық құжатты орындау мүмкіншілігі (белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартыну) жоғалса;

      5) тиiстi органның атқарушылық құжатты бергенде негiзге алынған шешiмiнiң күшi жойылса;

      6) өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаны тарату аяқталса, құқықтық мирасқоры болмаған кезде не атқарушылық құжат борышкер болып табылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясына орындау үшiн жiберiлсе, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі немесе оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енсе;

      7) атқарушылық құжаттың өндiрiп алу немесе өзге де талабы толық көлемде орындалса;

      7-1) кәмелетке жасы келгеннен кейін алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болмаса;

      8) заттарды өндiрiп алушыға беру туралы атқарушылық құжатты орындау кезiнде өндiрiп алушы борышкерден алып қойылған заттарды алудан бас тартса;

      8-1) мүлікті тәркілеу туралы атқарушылық құжаттың орындалуы барысында борышкерде мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табысы болмаса, сот орындаушысы қабылдаған, оның мүлкін немесе табысын анықтау жөніндегі заңда көзделген шаралардың барлығы нәтижесіз болса;

       9) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 354-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайта құрылымдауды тоқтату туралы соттың шешімі заңды күшіне енсе, тоқтатылады.

      Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда сот орындаушысы бір тәуліктің ішінде бұл туралы қаулы шығарады. Тиісті белгісімен атқарушылық құжатты не оның көшірмесін сот орындаушысы сотқа немесе құжатты берген басқа органға жібереді.

      Атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуымен бір мезгілде мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға тиіс. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1) және 7) тармақшаларының негізінде тоқтатылған, орындалғаннан кейін атқарушылық санкция, орындау бойынша шығыстар, өсімпұл және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттар бойынша орындалуын қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріліп алынғаннан кейін ғана тоқтатылуға тиіс.

      Борышкер төлемді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі және атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен интеграцияланған төлем жүйелері арқылы жүзеге асырған жағдайда, атқарушылық іс жүргізуді тоқтату электрондық нысанда түзіледі және мәжбүрлеп орындату шаралары автоматты түрде тоқтатылады.

      Сот орындаушысының іс жүргізу тоқтатылған атқарушылық құжатты орындау жөніндегі әрекеттері заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық іс жүргізуді қайта бастауға болмайды.

 

Мемлекеттік сот орындаушысы                                                                        Сагимбеков А.Б.

 

Дата публикации
31 июля 2024
Дата обновления
31 июля 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы