2024 жылғы 13 маусымда Қарағанды облысы Әділет департаментінде Халықаралық сот орындаушылар күніне арналған салтанатты іс шара өтті.
Іс шара барысында Әділет департаменті басшысы А.Б. Тезекбаев, Қарағанды облысы аймақтық сот орындауышлар палатысының төрағасы Қ.Ж.Жұмабай қызметкерлерді құттықтай отырып қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны және әділет органдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Республикалық сот орындаушылар палатасының наградалары мен грамоталарын тапсырды.