Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік сот орындаушының міндеттері

 

 

        

 

 

Мемлекеттік сот орындаушы – мемлекеттік қызметтегі және оған атқарушылық құжаттарды бойынша заңмен жүктелген функцияларды жүзеге асыратын лауазымды адам.

Сол себепті сот орындаушылардың Қазақстан Республикасының  2010 жылғы 2 сәуірдегі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәретебесі туралы» заңнамасының 126 бабында  сот орындаушының нақты  міндеттері көрсетілген.

Сот орындаушының міндеттері:                     
           1) сот актілерін, оның ішінде талап-арызды қамтамасыз ету және бітімгершілік келісімін бекіту жөнiндегi сот ұйғарымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда өзге де органдардың актілерін мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар қолдануға; 
           2) өтініш жасаған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей тараптарға немесе олардың өкiлдерiне атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен танысуға, олардан үзiндiлер жасауға, көшiрмелер түсiруге мүмкiндiк беруге; 
           3) бес жұмыс күні ішінде тараптардың атқарушылық iс жүргiзуге байланысты арыздары мен өтiнiшхаттарын қарауға және олар бойынша қаулылар шығаруға, оларға шағым және наразылық білдіру мерзiмдерi мен тәртiбiн түсiндiруге, егер оның өзi атқарушылық iс жүргiзудiң нәтижесіне тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса немесе оның әдiлдiгiне күмән туғызатын өзге де мән-жайлар бар болса, iстi қараудан   бас тартуға; 
          3-1) шығаруға, қоныстануға, бұзуға байланысты атқарушылық құжаттарды орындаған кезде, сондай-ақ мүлікті тізімдеуді және алып қоюды жүргізген кезде аудио-, фото-, бейнетіркеу жүргізуге міндетті. 
          3-2) мәжбүрлеп үйден шығаруды, бұзуды ұйымдастырған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуына, сақтауына, сақтауы мен алып жүруіне рұқсатының бар-жоғы туралы ақпарат беру туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер  органдарына жүгінуге; 
          3-3) атқарушылық құжаттың талаптары орындалған немесе жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуына, сақтауына, сақтауы мен алып жүруіне рұқсаттың қолданылуын уақытша тоқтата тұрудың күшін жою үшін негіздер туындаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы шектеуді алып тастау туралы қаулы шығаруға міндетті. Көрсетілген қаулының көшірмелері дереу борышкерге және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жіберіледі; 
         4) Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген өзге де әрекеттер жасауға мiндеттi. 

        3. Сот орындаушысы өз қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қысым жасалуына жол бермеуге міндетті.

 

 

 

 

«Шет ауданаралық  мәжбүрлеп

орындату  аумақтық бөлімі»

филиалының басшысы-

аға сот орындаушысы

А.Нургазиева

Дата публикации
31 мая 2024
Дата обновления
31 мая 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы