Меню
Страницы
Статья
Борышкердің мүлкін өткізу кезектілігі
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңынасәйкес азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың,әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша нұсқамалар мен қаулылардың,мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың,сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттардымәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi және уақтылы қолдануатқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi болып табылады.Сот орындаушысы өзінің іс жүргізуіне қабылдаған атқарушылық құжат мәжбүрлепорындату шараларын қолдану үшін негіз болып табылады."Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚазақстанРеспубликасының Заңының 72 бабына сәйкес, жеке тұлғаның мүлкiне өндiрiп алудықолдану кезiнде осы мүлiктi өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады: біріншікезекте – бірінші кезектегі қажетті заттар болып табылмайтын мүлік, бағалы қағаздар,валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декоржәне жайластыру заттары; екінші кезекте – көлік құралдары, жылжымайтын мүлік(тұрғынжайдан басқа); үшінші кезекте – тұрғынжай.Заңды тұлғаның мүлкіне өндіріп алуды қолданған кезде осы мүлікті өткізу мынадайкезектілікпен жүзеге асырылады: бірінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстардыорындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымалы мүлік, оныңішінде дайын өнім (тауарлар), бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдармен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары; екінші кезекте –тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелейқатысы жоқ жылжымайтын мүлік; үшінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстардыорындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей пайдаланылатын мүлік: өндірістікмақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілері, шикізат, материалдар, станоктар,жабдықтар және басқа да негізгі құралдар.Осы баптың ережелері кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның мүлкін өткізукезінде оның жеке мүлкі мен кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын мүлкі бойынша дақолданылады.Өндіріп алуды қолданудың нысанасы – борышкер кепіл немесе міндеттемені қамтамасызету ретінде берген мүлік болған, не тыйым салынған мүлікті кезектілік тәртібімен өткізуатқарушылық құжат талаптарының толық орындалуына әкелмейтін немесе осы Заңдабелгіленген орындау мерзімдерін ұлғайтатын жағдайда, мүлікті өткізу кезектілігіөзгертілуі мүмкін. Сот орындаушысы аталған мән-жайды борышкердің мүлкін өткізугеберу туралы қаулыда көрсетеді, оған Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.Мемлекеттік сот орындаушысы Сагимбеков А.Б.
Дата публикации
29 мая 2024
Дата обновления
29 мая 2024
Сейчас читают
Социальные медиа
Меню подвал