Мемлекеттік тілді дамыту әр адамның парызы
1970 жылдардың аяғы, 2000 жылдың басына дейін Қазақстанда «Қазақ Тілі» қоғамы құрылғанын мектепте оқушы болсақ та құлағымыз шалып қалатын. Республикалық «Қазақ Тілі» қоғамы төрағасы сайланып, оның облыстық, аудандық, ауылдық қоғамы құрылып, төрағалары бекітілген.
-Қазақ мектебінде оқып, қазақша сөйлеп жүрміз ғой, бұл қоғамның құрылуына не себеп болды екен-деп ойлайтынбыз сол кезде.
Сөйтсек себебі көп екен мұның. Орныс мектебіне барған қазақ балалары-бірінші сыныптың өзінен-ақ орысша сайрап кете береді. Сөйтіп сол орыс тілімен он сыныпты сықпыртып бітіріп шығады да, өзінің Ана Тілі ұмытылып қала береді. Одан әскер, одан жоғары оқу орнына түсіп, сол баяғы-«әләуләйім» орыс тілімен қызметке барады. Ал мұндай балалар қазақтарда миллиондап саналады.
Ал, енді олардан-Ұлттық салт дәстүрімізді, өткен Ата Бабаларды, Батырларды, Жырауларды, Жазушы, Ақындарды сұрап көріңіз-НӨЛ. Қазақ тілі қалып бара жатыр емес, қалып қойды.
Бұл-удай ащы шындық! Өз басымның Ұлы Неміс Халқына ырзалығым-шексіз! Қазақстанда тұрғанда Қазақ халқының мейірімін көрген Немістер-Германияға көшіп кетсе де әлі қазақша сөйлейді. Қазақша ет асады, самаурын қояды. Көк туымызды төбелеріне көтеріп, әнұранымызды айтады! Германиясынан Қазақстанға қазақша сөйлеп сәлем айтып жатады! Міне-Потриотизм!
Туған жерінің дәм-тұзын ұмытпаған, Қазақ халқының қадыр, қасиетін бағалаған Ұлы Неміс Халқынан айналып кетсек болмай ма?! Көрнекті Неміс жазушысы Герольд Бельгер Алматыда тұрып, Алматыда қайтыс болды. Сол Атамыз өлерінде- Мені Кеңсей қорымына-қазақ достарымның, ақын, жазушыларының қасына жерлеңдер-деп өсиет қалдырған. Пах шіркін Сабаз! Өсиеті орындалып, қазір сол Кеңсайда өңшең Қазақ Марқасқаларының қасында жатыр. Міне құрмет! Көгілдір экраннан журналист қазақша тікелей эфир жүргізеді. Қатысатындар министр, өндіріс, басқарма басшылары қысқасы ығай мен сығайлар. Солардың біреуі де орысша қоспай сөйлемейді. Тіпті «орыстар айтпақшы»-деп қойып, орысша мақалдар айтатынын қайтерсіз шенеуліктердің. Көңілсіз болса да қазақ тілінің халі осылай қазір.
Қазақ болмыз десек-Қазақ Тілін отбасымыздан бастауымыз керек.