"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың әділет департаменттері (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) 2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz; www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 (он бес) жұмыс күні 4 Нысаны мемлекеттік қызмет көрсетудің Электрондық 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Аттестаттау туралы шешім не аттестаттамау туралы шешім 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі 7 Жұмыс кестесі көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі 1) өтініш; 2) Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; 9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айыру. 10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің интернет-ресурсында: - www.adilet.gov.kz; 2) порталда орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.
|
|||