"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкес азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi және уақтылы қолдану атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi болып табылады.
Сот орындаушысы өзінің іс жүргізуіне қабылдаған атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану үшін негіз болып табылады.
Сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне, оның ішінде заңда көзделген жағдайларда прокурордың санкциясымен тыйым салуға міндетті. Бұл ретте сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін өндіріліп алынатын сомаға мөлшерлес, борышкерге тиесілі бүкіл мүлікке бір мезгілде тыйым салуға құқылы. Борышкердiң мүлкiне тыйым салу осы мүлiкке иелік етуге тыйым салудан, сондай-ақ борышкердiң банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы ақша сомаларын пайдалануға және оларға иелік етуге тыйым салынғанын хабарлаудан тұрады, бұл жөнiнде борышкердiң мүлкiне тыйым салу туралы қаулы шығарылады. Борышкерге меншiк, шаруашылық жүргiзу және оралымды басқару құқығында тиесiлi мүлiкке, оның қайда және iс жүзiнде кiмнiң пайдалануында екендiгiне қарамастан (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгiленген шектеулер ескерiле отырып), тыйым салынуы мүмкiн.
Қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқасымен ауыстыру туралы мәселенi сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзу тараптарының арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша қарайды. Қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқасымен ауыстыру туралы мәселенi қарау бұрын белгiленген қамтамасыз ету шараларының қолданылуын тоқтата тұрмайды.
Сондай-ақ, борышкердің мүлкіне тыйым салу түріндегі қамтамасыз ету шараларын сот іске қатысатын адамдардың өтініші бойынша қаралатын іс шеңберінде қабылдай алады. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жауапкерге тиесілі және оның өзіндегі немесе басқа да тұлғалардағы мүлікке тыйым салу (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының корреспонденттік шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған репо операциялар бойынша нысана не клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын маржалық жарналар болып табылатын мүлікке, сондай-ақ жалақы сомалары түсетін банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) болуы мүмкін.
Судья қамтамасыз ету шарасын көрсете отырып, талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шығарады. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды сот жібереді немесе қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхатты мәлімдеген адамға оны дереу ұсыну үшін тапсырады мүлік туралы мәліметтер болмаған кезде "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен борышкердің мүлкіне тыйым салу үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына.
Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін сол сот іске қатысатын адамның, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін.
Мемлекеттік сот орындаушысы Сагимбеков А.Б.