«Ұлттық қор - балаларға» жобасы аясында eGov mobile қосымшасында балалардың деректерін көрсету
Қазақстандық әр бала Ұлттық қордан төлем алады. Бүгінгі күні eGov mobile мобильді қосымшасында деректер базасында тіркелген барлық балалар көрсетіледі. Бірақ кейбір ата-аналарда цифрлық құжаттар бөлімінде балалар көрінбейтін немесе қате көрсетілетін жағдайлар да кездесіп жатады. Бұл олардың төлем алмайтынын білдірмейді, тек цифрлық құжаттарда ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастардың анықталмағанын білдіреді.
Оны түзету үшін не істеу қажет?
Цифрлық құжаттарда ата-ана мен бала арасында қарым-қатынастарды орнату үшін eGov mobile мобильді қосымшасын соңғы нұсқаға дейін жаңарту қажет. Содан кейін «Отбасы» бөлімінде цифрлық құжаттарда «Баланы қосу» батырмасы болады, сол батырманы басу қажет. «Баланы қосу» батырмасын басқан соң балалар туралы ақпаратты «Жаңарту» қызметі ашылады. Онда барлық қажетті жолдарды толтыру қажет, туу туралы куәлікті тіркеп, өтінішке қол қою қажет. Өтінішті жібергеннен кейін 2-5 жұмыс күніне дейін күту қажет. Өтінішті КЕАҚ филиалы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АХАТ бөлімдерінің қызметкерлері өңдейді. Аяқталғаннан кейін хабарлама келеді. Өтінішті өңдегеннен кейін балалар цифрлық құжаттардағы «Отбасы» тізімінде пайда болады.
Коммерциялық емес ұйымдарды
тіркеу қызметі саласындағы
бақылау бөлімі