Меню

Страницы

Статья

Маркетплейстер және зияткерлік меншік

 

 

Маркетплейстер бүгінде тауарлар мен қызметтерді сатудың ең қарқынды дамып келе жатқан арналарының бірі болып табылады. Маркетплейстердің танымалдылығының артуы осы платформаларда сатылатын контрафактілік және заңсыз өнімдердің көбеюіне әкелді. Бұл құқық иелерінің құқықтарына нұқсан келтіреді, бәсекелестік пен тұтынушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Соңымен қатар «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының 4-бабының 4-тармағына сәйкес тауар белгісінің иесі куәлікте көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзіне тиесілі тауар белгісін пайдалану мен иелік етудің айрықша құқығына ие болатының атап өтеміз. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесінің келісімінсіз ешкім де пайдалана алмайды.

Зияткерлік меншік құқығын сақтамау маркетплейстер үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін азаматтық-құқықтық (ҚР АК 9 және 1032 - баптары), әкімшілік («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 158-бабы (бұдан әрі-ӘҚБК)) және қылмыстық (ҚР ҚК 222-бабы) жауапкершілік көзделген.

Дата публикации
02 апреля 2024
Дата обновления
02 апреля 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы