Меню

Страницы

Статья

Борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту

 

ҚР Конституциясының 76 бабы, ҚР Азаматтық процестік Кодексінің 21 бабына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары мен бұйрықтары, барлық мемлекеттік органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.

Қазақстан Респуликасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктеледі.      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану ішкі істер органдары қызметкерлерінің, жеке сот орындаушылары көмекшілерінің және өзге де мемлекеттік органдардың жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының 19 желтоқсан 2003 жылғы "Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы" Қаулысына 2020 жылдың 11 желтоқсанында № 6 санымен аталған қаулыға өзгерістер және толықтырулар енгізілген.

Атап айтқанда, сот актісін, атқару құжатын орындаудың нақты мүмкін еместігін растайтын мән-жайлар мыналар: жұмыс берушімен еңбекақысын төлемеуі мүмкін, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру, егер олар жалғыз табыс көзі болса, мүгедектік, ұзақ мерзімді ауруына байланысты емделіп жатқан және еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы және жалақы алмайтын борышкер; сонымен қатар, алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан және туберкулезден сот қаулысы бойынша мәжбүрлеп емдеуде болса; борышкер бұрын меңгермеген мамандық бойынша басқа жұмысқа шығуға байланысты қайта оқытуда жүрген жағдайда ғана.

Жоғарыда санамаланған мән-жайлар борышкерде өз құны бойынша қолда бар міндеттемелерді толық немесе ішінара өтеуге мүмкіндік беретін басқа мүліктің (мүліктік, оның ішінде мұрагерлік құқықтардың) болуы расталған жағдайда, сот актісін орындаудың нақты мүмкін еместігін растай алмайды.

          Соттың шешімін және де өзге де актілерін орындамау, оның орындалуына кедергі жасау  заңда көзделген жауапқа әкеп соғады.

ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабына сәйкес, сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау     жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы белгіленген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 139-бабына сәйкес,  ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы–алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 430-бабына сәйкес,    заңды күшiне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актiсiн не атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты оларды орындауға кедергi жасау – сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

«Шет ауданаралық  мәжбүрлеп

орындату  аумақтық бөлімі»

филиалының басшысы-

аға сот орындаушысы

А.Нургазиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 марта 2024
Дата обновления
30 марта 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы