Меню

Страницы

Статья

Зияткерлік меншік құқығы бөлімі

                       

                                          

Қарағанды облысы Әділет департаментінің зияткерлік

меншік құқықтары бойынша бөлімі туралы

Е Р Е Ж Е

  1. Жалпы ереже
  2. Зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімі (әрі қарай - Бөлімі), Қарағанды облысы Әділет департаментінің құрлымдық бөлімшесі болып табылады.

Негізгі мақсаты бөлімнің зияткерлік меншік құқығын қорғау аясында мемлекеттік саясатты жүргізу.

  1. Бөлім өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының (әрі қарай-ҚР) заңдарына, ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің актісіне, осы Ережемен және басқада нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады .
  2. Бөлім Қарағанды облысының Әділет департаменті аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Бөлімнің штаттық санын Әділет департаментінің басшысы, ҚР Әділет министірлігімен бекітілген, штаттық кесте негізінде бекітеді.

                                                      

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
  2. Бөлімнің негізгі міндеттері:

         1)  жеке  және заңды тұлғалардың өтініші негізіндегі тексерулерді жоспардан тыс  жүзеге асыру:

         2) зияткерлiк меншiктi қорғау саласындағы заңдардың қолданылу практикасын қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

         3) зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды осы саласындағы заңнамасын орындалуына тексеріс жүргізу арқылы қамтамасыз ету

         4) мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен, азаматтармен зияткерлік меншік құқықтары мәселесі жөнінде өз-ара қатынаста болуы;

  1. Бөлімнің функциялары:

          1)  меншік құқығын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру,

         2) стратегиялар мен бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету;  

         3) қалалық (аудандық) әділет басқармаларының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселесі туралы  жұмыстарын үйлестіру;

         4) мемлекеттік,  қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар және азаматтармен меншік құқығын қорғау бойынша өз-ара іс қимылды ұйымдастыру,

          5) әдістемелік  және практикалық нұсқауларды дайындау;

6) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;

         7)  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.

         8) өз қызметі шеңінде  жеке және заңды тұлғаларға құқықтық көмек көрсету;

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға;

2) атқарушылық және еңбек тәртібін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;

3) Министрліктің, Департамент басшылығының бөлімнің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша тапсырмаларын орындауға;

4) бөлімнің жұмысын, соның ішінде Департаменттің басқа құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен әрекеттесу сұрақтары бойынша жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге және оны жетілдіруге;

5) құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады (дәріс, «дөңгелек» стол, семинар жүргізу, БАҚ сөз сөйлеу).

  1. Бөлім құқылы:

         1) Департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінен жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұрау және белгіленген мерзімде алу;

         2) Департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен бөлімнің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша белгіленген тәртіпте жиналыстар өткізу;

         3) бөлімнің мүддесін қозғайтын сұрақтар бойынша Департамент бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың жиналыстарына қатысу, бөлімнің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

         4) тиісті бөлімшелердің басшыларымен келісе отырып, Департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелері мен филиалдарының қызметкерлерін тексерістер жүргізу, құжаттар дайындау үшін, сондай-ақ ұйымдастырушылық-бақылау сұрақтарын шешуге тарту;

         5) Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру сұрақтары бойынша құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдармен әрекеттесу;

         Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге құқықтарға ие және өзге міндеттерді орындайды.

3-тарау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

  1. Бөлімінің қызметі Әділет департаментінің басшысымен бекітілген Әділет департаментінің жұмыс жоспарына сай жүргізіледі және бөлімнің қызметшілерінің арасында лауазымдық міндеттеір бөлу негізінде құрылады.
  2. Бөлімді бөлімнің басшысы басқарып, бөлімге жүктелген міндеттерге жауапты болады.

Өзінің құзыретін жүзеге асыру барысында бөлім басшысы Әділет департаментінің басшысына және жетекші орынбасарына бағынады.

Бөлімінің қызметкерлері болып өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асырып, оған жеке жауапты болатын мамандар табылады.

Бөлім басшысы жоқ болған жағдайда оның міндетін бөлімнің бас немесе жетекші маманы атқарады.

Ауырған жағдайда, еңбек демалысына шыққанда немесе қызметкер дәлелді себептермен болмағанда, өзара алмасымдылық қағидасы қолданылып, өндірісте жатқан іс материалдары басқа маманға беріледі.

  1. Бөлім қызметіндегі ағымдағы сұрақтар бойынша жедел жиналыс өткізеді.

Осы Ережеде қарыстырылмаған барлық сұрақтар бойынша бөлім «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қарағанды облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне және лауазымдық нұсқауларына сүйенеді.

Дата публикации
12 июля 2020
Дата обновления
12 июля 2020
Тип

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы