Меню

Страницы

Статья

Әкімшілік бөлімі

Қарағанды облысы Әділет департаментінің

әкімшілік бөлімі туралы

Е Р Е Ж Е

  1. Жалпы ереже
  2. Әкімшілік бөлімі (әрі қарай - Бөлім) Қарағанды облысы әділет департаментінің (әрі қарай - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының аңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің бұйрықтары мен нұсқаулықтарын, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің аумақтық органдары туралы Ережесін, Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының бұйрықтары мен нұсқауын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  4. Бөлімнің штат санын Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бекіткен штаттық кестесіне сәйкес Департаменттің басшысы бекітеді.
  5. Бөлімнің басшысының иелігінде болатын бөлім атауымен дөңгелек мөрі бар.
  6. Әкімшілік бөлімінің негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары және міндеттері

  1. Әкімшілік бөлімінің негізгі міндеттері болып келесілер табылады:

1) Штаттық құрылымға сәйкес  қызметкерлерді уақытылы іріктеу жұмысын ұйымдастыру;

2) ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына, ҚР еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік және азаматтық қызметтерді өткеруді  қамтамасыз ету;

3) Департаменттегі басқарушылық қызметтегі құжаттама жасауға және тасығыштың түріне қарамастан құпия емес сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастыруға, белгіленген тәртіппен электронды сандық қол қоюды тексерудің оң нәтижесін анықтау туралы растауы бар электронды құжаттарды қоса, іс жүргізудің тәртібін ұйымдастыру;

4) Департаменті мамандарының белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттармен жұмыс жасауына бақылауды жүзеге асыру;

5) Департаменттің бөлім басшыларымен және оның құрылымдық бөлімшелерімен тиісінше іс жүргізілуді, есепке алынуды, сақталуды, құжаттардың уақытылы өтуіне бақылау жүзеге асыру;

6) Құжаттаманы қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, сонымен қатар, Департаменттің және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі құжатайналымын қысқарту жұмыстарын ұйымдастыру;

7) Департаменттің жұмыс жоспарлау және жоспарланған іс-шараларды уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;

8) Департаменті алқасы қызметінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және алқа шешімдерінің орындалуын бақылау;

9) Тексерістерді ұйымдастыру және департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің жұмысты ұйымдастыру жағдайын зерделеу;

10) Мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмыс ұйымдастыру.

  1. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының талаптарымен және ҚР еңбек заңнамасының нормаларымен және басқада нормативтік құқықтық актілермен, сонымен қатар осы Ережемен бекітілген тәртіпте жүктелген мақсаттарына сәйкес бөлім келеcі функцияларды атқарады:

1) Жеке құрам, негізгі қызмет және кадр мәселелері бойынша бұйрықтар жобасын дайындау; 

2) Қызметкерлерді іріктеуді және қабылдауды жүзеге асыру;

3) Әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарды алмастыруға конкурс өткізу;

4)Қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша материалдарды дайындау;

5)Қызметкерлерді  марапаттау  туралы  материалдарды  дайындау;

6)Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалауды жүргізу;

7)Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілерді аттестациядан өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

8)Кадрлардың құрамы мен алмасуы жөнінде мемлекеттік қызметшілердің саны бойынша  статистикалық тоқсандық және жылдық есептерді жасайды;

9)Қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқытуды  ұйымдастыру;

10)Департаменттің кадрлық резервін қалыптастыру бойынша жұмысты  ұйымдастыру;

11)Қызметкерлерінің жеке істерін, еңбек кітапшаларын жүргізеді және сақтау;

12)Қызметкерлердің мемлекеттік және азаматтық қызмет өтілін санау бойынша жұмыстарды жүргізу;

13)Департаменттің штаттық кестесін және құрылымын  жасау;

14)Қызметкерлердің еңбек демалысына шығу кестесін жасайды және бекітілген кестеге сәйкес қызметкерлерге төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстарының берілуін бақылау;

15)Қызметкерлердің іс сапарларын  рәсімдейді және есепке алу; 

16)Қызметкерлердің еңбек өтілін растайтын құжаттарды рәсімдейу және беру;

17)Бөлімнің  жылдық  іс-шаларалар жоспарын құру;

18)Басшылыққа лауазымдық нұсқаулықтарды жасау;

19)Жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді және жұмысқа жарамсыздық парағының бөлім қарауына жататын бөлігін рәсімдейу;

20)Департамент қызметкерлеріне қызметтік куәліктерін беруді ұйымдастыру;

21)Әскери  міндетті қызметкерлердің есебін жүргізу;

22)Жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жүргізу;

23)Лаңкестікке қарсы жұмыстарды ұйымдастыру;

24)Құпия іс жүргізуді жүзеге асыру;

25)Департаментінің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дайындау;

26)Департамент басшысымен өткізілетін алқа, Үйлестіру кеңесі отырыстарын, аппараттық және шұғыл кеңестерді ұйымдастыру және қажетті материалдарды даярлау;

  • Аумақтық бөлімшелерінде тексерістерді жүргізу барысында комиссия құрамын келісу және құру;
  • Аумақтық бөлімшелерінің кешенді тексерістер қорытындысын талдау және жинақтау;
  • Тексеріс барысында анықталған кемшіліктердің уақытылы және толық жойылуына бақылау жүргізу.
  • Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастыру;
  • Мүдделі мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік қызмет қөрсету бойынша тоқсан сайын есебтер құру және ұсыну;
  • Өз құзырына жататын басқа да қызметтерді атқару.
  1. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері.

Бөлімнің құқықтары:

  • Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпараттарды, құжаттарды, анықтамаларды, есептерді, ауызша және жазбаша түсініктемелерді және басқа да материалдарды сұрату және белгіленген мерзімде алуға;
  • Департамент басшысының атына бөлім құзырына жататын сұрақтар бойынша мәліметтердің сапасыз, уақытылы емес берілуі жайында баяндама жазбахаттар енгізуге;
  • Заңмен белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалар жүгінулерінің қарастырылуы, жоғары тұрған және/немесе өзгеде мемлекеттік органдардың нұсқаулары мен ұзақ мерзімді бақылаудағы тапсырмалардың орындалуы туралы Департамент басшысының атына бөлім құзырына жататын сұрақтар бойынша баяндама жазбахаттар енгізуге;
  • өз құзыры аясында департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беруге;
  • іс-шаралар жоспарының уақытылы орындалмағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізуге құқылы.
  1. 8. Бөлімнің міндеттері:

1) Бөлім еңбек және атқарушылық тәртіптің, сонымен қатар ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы заңдарының, ҚР еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын талап ету;

2)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыруға;

3)Орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етуге міндетті;

4)Бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға бөлім басшысы дербес жауап береді;

5) Бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша белгіленген тәртіпте департамент атынан мемлекеттік органдарға, сонымен қатар басқа да ұйымдарда, соның ішінде жұмыспен қамту бойынша уәкілетті органда өкілдік ету;

6)Бөлім құзырына жататын сұрақтар бойынша департамент қызметкерлеріне түсіндірме  ұсыным беру;

7)Кадрларды  іріктеу, сонымен қатар бөлім құзырына жататын басқа сұрақтар бойынша хат алмасу;

8)Департамент сұрақтары бойынша қеңес өткізу және өткізетін кеңеске қатысу;

9)Бөлімнің қызметін атқаруда қолданылатын ақпараттық жүйелермен немесе басқа да бағдарламамен жұмыс істеу барысында пайдаланушы нұсқаулығын қатаң сақтауға.

Бөлім Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарға ие және басқа да міндеттерді атқарады.

  1. Әкімшілік бөлімі қызметінің

ұйымдастыру негіздері

  1. Бөлім басшысы Департамент басшысымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  2. Бөлім басшысының бағынуында Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мамандары болады.

11.Бөлім қызметкерлері заңмен белгіленген тәртіпте жауапты.

  1. Өзінің құзыретін жүзеге асыру барысында бөлім басшысы Әділет департаменті басшысына бағынады.
  2. Бөлім басшысы жоқ болған жағдайда оның міндетін бөлімнің бас маманы атқарады.

14.Ауырған жағдайда, еңбек демалысына шыққанда немесе қызметкер дәлелді себептермен болмағанда, өзара алмасымдылық қағидасы қолданылып, өндірісте жатқан іс материалдары басқа маманға беріледі.

15.Бөлім басшысы бөлім жұмысындағы өзгерістерге есеп жүргізеді, қажеттілігіне қарай департамент басшысына ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жасайды.

16.Бөлім ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу департамент басшысы бұйрығымен бекітіледі.

17.Осы ережеде белгіленбеген жағдай туындағанда бөлім қызметкерлері ҚР заңнамасын және басқа да нормативтік құқықтық  актілерді басшылыққа алады.  

  1. Осы ереже департамент басшысының бұйрығымен бекітілген күннен бастап күшіне енеді.

 

Дата публикации
12 июля 2020
Дата обновления
12 июля 2020
Тип

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы