Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік тіл-мемлекеттік органда

Мемлекеттік тіл-мемлекеттік органда
Тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағаның айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай ұлттың болмысы. Барлығымызды мұратқа жеткізетін- ана тілі мен ата-дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз. Мемлекеттік тілдің жағдайы әрбір жанашыр азаматты толғандырары сөзсіз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру керек», – деп атап көрсеткеніндей, ұрпақ болашағы, ұлттық мүдде үшін қазақ тілін жаңғыртуға жан-жақты жағдай жасалатындығына тоқталған болатын. Ендеше, тіл саясаты – мемлекеттік саясат, ол егеменді еліміздің берік арқауы, демографиялық, әрі саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ететін ықпалды күш болып табылады. Сондықтан мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, тұғырын биіктету жолында әрбір қоғам мүшесі, осы елдің азаматы үлес қосуы тиіс. Мемлекеттік тілдің негізгі әрі басты мәселелері Конституция жүзінде, «Тіл туралы» Заң жүзінде шешімін тапқанымен, күнделікті өмірдің өзі талап етіп отырғандай, тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру үшін оны әлі де жетілдіріп, толықтыра түсу қажеттілігі туындап отыр. Солардың бірі – мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді білу жөнінде міндеттің қойылуы. Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқытудағы өзекті мәселелердің бірі – кәсіби тілдік құзыреттілікті қалыптастыру. Құзыреттілік мемлекеттік қызметшінің ақпаратты мол игергендігін ғана емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіру, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеру, атқарып жатқан салалары бойынша өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалау, өмір салтын таңдау тәрізді өмірлік мәні бар мәселелерді шешудегі біліктілігін алғы орынға қояды. Баршамыз осы іске бір кісідей атсалысып, өз үлесімізді қосатын болсақ, қазақ тілінің тұғырын жоғарыда ұстай аламыз.
Қарағанды облысы
Әділет департаменті
Әкімшілік бөлімі

Дата публикации
06 сентября 2023
Дата обновления
04 сентября 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы