Жобаларды келісу және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу мерзімдері
Мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде
және оның аумақтық органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс нормативтiк
құқықтық актiлердiң күшiне енуi үшiн қажеттi шарт болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
тіркелмеген, мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің
күшін оларды шығарған орган жоюға тиіс.
Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу
«Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу
қағидаларын бекіту туралы» (келесі - Қағида) Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің м.а. 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығымен аңықталады.
Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну,
талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың
қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне
байланысты қоғамдық қатынастарды Қазақстан Республикасының «Құқықтық
актілер туралы» Заңы (келесі - Заң) реттейді.
Заңның 35-1-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын заңға тәуелді
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әділет органдарының келісуі
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу
қағидаларында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкестігі, құқық нормаларының бар-жоғы және мемлекеттік
тіркеу қажеттілігі тұрғысынан заң сараптамасын жүргізу арқылы жүзеге
асырылады.
Әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасын келісуді әділет
органдары, мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдар, егер заңнамада өзге
мерзім белгіленбесе, ол келіп түскен күннен кейін он жұмыс күні ішінде
жүргізеді.
Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай себебінен уақытша шектеу ісшараларына, оның ішінде карантинге байланысты не "Төтенше жағдай
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған Қазақстан
Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін
қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімдерін іске асыру
үшін әзірленген жобаны келісу ол келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде
жүргізіледі.
Алынған ұсынымдар, ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып
пысықталған, сондай-ақ олармен келіспеген жағдайда нормативтік құқықтық
актінің жобасын қайта келісу ол қайта келісуге келіп түскен күннен кейін бес
жұмыс күні ішінде, ал Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген жобалар
бойынша бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Мемлекеттік тіркеу әділет органдарына әзірлеуші мемлекеттік органнан
келіп түскен күннен кейін, ал бірлескен нормативтік құқықтық акт
қабылданған жағдайда – негізгі жауапты әзірлеуші мемлекеттік органнан
келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады