Меню

Страницы

Статья

Жеке сот орындаушысыларға үміткерлерге аттестатауды өткізу тәртібі мен шарттары туралы


Аумақтық әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің бір түрі "жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу"болып табылады.
Бірінші кезекте, көрсетілетін қызметті беруші өзінің интернет-ресурсында жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудың (бұдан әрі – аттестаттау) өткізілетін күні, уақыты және орны туралы хабарландыруды орналастырады.
Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті және құжаттарды "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.»

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезАқмола інде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті беруші лицензия алуға құжаттар келіп түскен күні оларды тіркейді және орындауға береді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.
Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші олар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы бас тарту көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Аттестаттаудан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы Комиссия шешім шығарған күннен бастап үш ай өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіпте қайта өтініш беруге құқылы.
Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу;
2) білімді ауызша әңгімелесу түрінде тексеру.
Егер сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың саны 70 және одан көп болса, көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден өткен болып саналады және екінші кезеңге жіберіледі.
Тестілеуді тапсыру нәтижелері екі данада басып шығарылады және тестілеу аяқталғаннан кейін жеке қол қою арқылы көрсетілетін қызметті алушыға танысу үшін ұсынылады. Тестілеу нәтижелері бар парақтың бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға тапсырылады, екіншісі Комиссияға беріледі.

Ауызша әңгімелесу кезінде, Комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушыға жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін оларды білуі қажет құқықтық пәндер тақырыбына қатысты кемінде үш сұрақ қояды.
Аттестаттаудың қорытындылары бойынша Комиссия мүшелері көпшілік дауспен тиісті шешім қабылдайды, ол хаттамамен рәсімделеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы Комиссияның шешімі негізінде 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім "Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін одан әрі көрсету үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберіледі.

Атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімі

Дата публикации
07 августа 2023
Дата обновления
07 августа 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы