Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру кезінде құжаттардағы мәліметтерді түзету. Жаңа қызмет

 


Қазақстандықтар eGov mobile мобильдік қосымшасында жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру кезінде құжаттардағы мәліметтерді түзете алады. Жаңа қызмет туу, неке тұру және бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту (өзі үшін), қайтыс болу туралы деректерді өзектендіруге мүмкіндік береді.
Азаматтық хал актілерінің іс-қимылдары жөніндегі аталған мәліметтердің цифрландырылуы және АХАЖ ақпараттық жүйесінде болуы үшін құжаттардың сканерленген көшірмелерін eGov mobile қосымшасы арқылы жіберу жеткілікті.
Мысалы, балалардың туу туралы актілік жазбаны тексеру кезінде бала туралы деректер (тегі, аты, әкесінің аты, ұлты, туған күні, анасы мен әкесі туралы деректер) ұсынылған бөлімдерде жазба дұрыс көрсетілмеген жағдайда, құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса отырып, мәліметтерді жаңартуға мүмкіндік бар.
Аталмыш функцияларды пайдалану үшін eGov mobile қосымшасын ашу қажет. Әрі қарай:
қызметтер қойындысын ашу;
қызметтер каталогында «Туу, неке және өлім» - АХАЖ АЖ «мәліметтерді өзектендіру»;
акт жазбасының түрін таңдау;
«іздеу» түймесін басу;
егер деректер көрсетілмесе, «мәліметтерді өзектендіру» батырмасын басу қажет (егер деректер көрсетілсе, «өзекті мәліметтер» батырмасын басу қажет);
әрі қарай қызметке қол қою керек.
Қызмет көрсету нәтижесі мәртебелік бетте орналасқан АХАЖ ақпараттық жүйесінің мәліметтерін өзектендіру туралы ақпарат болып табылады.

 

Дата публикации
24 июля 2023
Дата обновления
18 июля 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы