Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 733 бұйрығымен бекітілген «Заң консультанттарының заң консультанттары палаталарыұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидалары»
Осы Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-1-бабына сәйкес әзірленді және заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу тәртібін айқындайды.
Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысуын областырдың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың заң консультанттар палаталары ұйымдастырады.
Әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында заң консультанттары палатасы болмаған жағдайда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуді Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 46-бабында айқындалған тәртіппен бұрын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметін жүзеге асырған заң консультанттары палаталарының құқықтық мирасқорлары болып табылатын заң
консультанттары палаталары ұйымдастырады.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысуды, олар туралы мәліметтер мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім жасасқан уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған заң консультанттары палаталарының тізілімінде көрсетілген заң консультанттары жүзеге асырады.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде заң
консультанттары:
2) соттарда, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда
қорғауды және өкілдік етуді;
3) татуластыру рәсімдерін жүргізуді жүзеге асырады.
Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары
ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу тәртібі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың заң консультанттары палатасы жыл сайын бірінші желтоқсаннан кешіктірмей аумақтық әділет органына мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын заң консультанттарының тізімін жібереді.
Тізімде заң консультантының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда), тізілімдік нөмірі және заң консультанттары палатасына кірген күні, заң консультантының қызметін ұйымдастыру нысаны, палатаның атауы және заң консультантының қызметін жүзеге асыру орны көрсетіледі.
Заң консультанттарының тізімін тоқсан сайын заң консультанттары палаталары жаңартып отырады және өзекті күйде жүргізіледі.
Заң консультанттары палаталары ай сайын, айдың 25-күнінен
кешіктірмей заң консультанттарының кезекшілік кестесі қалыптастырылады.
Заң консультанттарының бірден артық палатасы қызметін жүзеге
асыратын облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кестені аумақтық әділет департаменттері қалыптастырады.
Заң консультанттарының бірден артық палатасы қызметін жүзеге асыратын облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада ай сайын, айдың 20- күнінен кешіктірмей заң консультанттары палаталары аумақтық әділет департаменттеріне кестеге енгізу үшін заң консультанттарының тізімін жолдайды, ал аумақтық әділет департаменттері ай сайын, айдың 25-күнінен кешіктірмей тиісті соттарға кесте ұсынады.
Аумақтық әділет органы жыл сайын он бесінші желтоқсаннан
кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң
консультанттарымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім жасасады.
Аумақтық әділет органы жыл сайын жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей интернет-ресурсында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын заң консультанттарының тізімін орналастырады.
Заң консультанттары палатасы жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей интернет-ресурсында, сондай-ақ заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын заң
консультанттарының тізімін орналастырады.
Құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуді заң консультанты өтініш беруші өтініш берген кезде тікелей және/немесе электрондық форматта заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.
Өтініш беруші өтініш жасағаннан кейін тікелей заң көмегін көрсету мүмкін болмаған кезде, ол үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілуге тиіс. Заң консультанты өтініш берушіге қабылдау күні мен уақыты туралы қолжетімді нысанда хабарлайды.
Егер өтініш беруші жүріп-тұруындағы қиындықтармен байланысты ауыр сырқаттың, мүгедектіктің немесе өзге де мән-жайлардың салдарынан заң
консультанты тағайындаған қабылдау орнына келе алмаса, оның тұрған жері бойынша құқықтық консультация беріледі.
Бір мәселе бойынша тұлға мемлекет кепілдік берген заң көмегін бір рет ала алады.
Құқықтық консультация беру түрінде білікті заң көмегін көрсету үшін заң консультантын таңдауды өтініш беруші жүзеге асырады.
Соттардың тағайындауы бойынша білікті заң көмегін көрсету үшін заң
консультантын таңдау заң консультанттары палаталары қалыптастырған кестеге сәйкес қағаз және/немесе электрондық форматта заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Соттарда, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізу Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық және Әкімшілік рәсімдік- процестік кодекстеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Заң консультанттары құқықтық консультация беру және құқықтық
сипаттағы құжаттарды жасау түрінде өздері көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегінің есебін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу тізілімінде жүргізеді, онда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге жүгінген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш жасалған күн, мәселенің мәні, көрсетілген заң көмегінің түрі мен нысаны, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге жүгінген тұлғаның және заң консультантының қолы көрсетіледі.
Құқықтық консультация беру және құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу қағаз және/немесе электрондық форматта заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Заң консультанттары өздері көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы есепті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын қағаз және/немесе электрондық форматта заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың заң
консультанттары палатасы, жыл сайын шілденін бесінен және қаңтардың бесінен кешіктірмей аумақтық әділет органына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң консультанттары мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы жиынтық есепті ұсынады.
Заң консультанттары көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы жиынтық есеп аумақтық әділет органына заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.
Облыстың заң консультанттары палатасының жиынтық есебі ауылдық елді мекендерді мемлекет кепілдік берген заң көмегімен қамтамасыз ету туралы
ақпаратты қамтиды.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту.
Құқықтық консультация беру, қорғау және өкілдік ету түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден мынадай негіздердің бірі болған кезде бас тартылады:
1) өтініш беруші Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген,
мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар санатына жатпаса;
2) өтініш беруші өтінішінің құқықтық сипаты болмаса;
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту бойынша
Заңның 29-бабының 3 тармағына сәйкес уәкілетті органға, сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Қарағанды облысы
Әділет департаментінің
Құқықтық түсіндіру
және халыққа заңгерлік көмек
көрсету бөлімінің бас маманы
А.Жазыкова