Электрондық тіркеу құқықтар (құқықтар ауыртпалығы) мәміле, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде туындаған, өзгертілген немесе тоқтатылған жағдайларда, сондай-ақ "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
Құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) электрондық тіркеу нотариат куәландырған мәміле, мұраға құқық туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде мынадай тәртіппен жүргізіледі:
құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық көшiрмесiн бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiбередi;
жылжымайтын мүлікті сатып алушыға:
құқық белгілейтін құжаттың бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде берілген бірегей нөмірі туралы;
уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша, орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілеген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төленетін ақы сомасы туралы немесе ақы төлеуден босату туралы хабарлайды;
жылжымайтын мүлікті сатып алушы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлеуден босатылған жағдайда, жеңілдік құқығын растайтын құжатты сканерлейді;
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне:
мәмілеге қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық мекенжайларына – олар болған кезде;
тұлғаның жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлеуден босатылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін жібереді;
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгеннен кейін чектің деректемелері (төлемнің бірегей коды, төлем алушының атауы, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, төлем төлеушінің деректері, оның ішінде оның сәйкестендіру нөмірі, ақы сомасы, ақының төленген күні мен уақыты, құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі) электрондық чек түрінде ЭҮТШ-те сақталады және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберіледі;
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде, ал қажет болған жағдайда ЭҮТШ-те жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растайтын электрондық чектің болуын, төлемнің толықтығын және электрондық чекте және құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесінде көрсетілген құқық белгілеуші құжаттың бірегей нөмірінің сәйкестігін тексереді;
жасалатын мәміленің заңдылығын және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтардың ауыртпалығының) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына (құқықтардың ауыртпалығына) негіз болып табылатын өзге де заңды фактілердің (заң құрамдарының) қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеруді жүзеге асырады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді тіркеуші орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады;
осы Заңда көзделген жағдайларда, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлеу немесе төлемнен босату туралы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде расталған жағдайда, жүргізілген тіркеу туралы тіркеу парағына жазбалар енгізуді не мемлекеттік тіркеуден бас тартуды немесе тоқтата тұруды жүзеге асырады;
осы Заңда көзделген негіздер бойынша тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ олар болған кезде мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жібереді;
тіркеу ісінде сақтау үшін құқық белгілейтін құжатты, тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақының төленгенін растайтын электрондық чекті қағаз жеткізгіште басып шығарады.
4) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) электрондық тіркеу осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.