Атқарушылық іс жүргізу - борышкерден атқарушылық санкцияны, өсімпұлды, атқарушылық іс жүргізу жөніндегі шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындауға бағытталған шаралар. Атқарушылық іс-жүргізу "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңымен реттеледі.
Бүгінгі күні сот актілерін орындауды мемлекеттік сот орындаушысы және жеке сот орындаушысы жүзеге асырады, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындауға бағытталған шараларды қабылдау бойынша оларға заңмен жүктелген функцияларды орындайды, және тең құқықтары мен міндеттері бар.
Атқарушылық құжаттарды орындау бойынша мәжбүрлеп орындау шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктеледі. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау бойынша мәжбүрлеп орындау шараларын қолдану ішкі істер органдары қызметкерлерінің, жеке сот орындаушыларының және өзге де мемлекеттік органдардың көмекшілерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Сот орындаушысының қызметіне заңдармен тікелей уәкілеттік берілген адамдардан басқа ешкім араласуға құқылы емес. Сот орындаушысының қызметіне құқыққа қарсы араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.