Меню

Страницы

Статья

Сот үкімін орындамағаны үшін жауаптылық

Мемлекеттік сот орындаушысы сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкерді ҚР ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартады, бұл туралы ҚР ӘҚБтК 803-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.

Хаттамада: хаттаманың жасалған күні мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, өзіне қатысты іс қозғалған адам туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін-тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру заңды тұлғалар үшін-заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні, сәйкестендіру нөмірі мен банк деректемелері, телефонның, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты және мәні, жеке тұлғаның не заңды тұлғаның өкілінің түсіндірмесі өзіне қатысты іс қозғалған адамдар, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар қоса беріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау кезінде іс жүргізу тілі айқындалады. Өзіне қатысты іс қозғалған адамға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл туралы хаттамада белгі қойылады.

 Атқарушылық іс жүргізудің көшірмелері және әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар қоса берілген хаттама борышкердің тұрғылықты жері не заңды тұлға тіркелген жері бойынша сотқа қарауға жіберіледі.

ҚР ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқару құжатын орындамау - жеке тұлғаларға-бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға-жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұы салынады

Осыған ұқсас талаптар жеке сот орындаушыларының ұсынымдарын қарау кезінде, борышкерді сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және ҚР ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша атқару құжатын орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша қолданылады.

 

 

 

Дата публикации
29 апреля 2023
Дата обновления
29 апреля 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
28 августа 2026
Мемлекет бақылауындағы  жылжымайтын мүлікке құқықтар мен кепілдерді тіркеу
Талдамалық мақала
28 августа 2026
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  БРЕНДТЕРДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Талдамалық мақала
28 августа 2026
Правовая защита товарных знаков

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы