Авторлар мен құқық иеленушілерге ұжымдық ұйымдардың өзара мүдделерді білдіру туралы шарттар жасасу, өз қызметі туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері авторлық құқық бойынша түзетулер авторлар мен құқық иеленушілердің тиесілі сыйақыны алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін ұжымдық ұйымдардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағыталған. "Түзетулер тоғыз мыңға жуық қазақстандық авторлар мен құқық иеленушілердің тиесілі сыйақы алуға деген үміттерін көрсетеді және ұжымдық ұйымдардың өз құқықтарын бұзуын болдырмауға бағытталған. Заң ұйымдардың ұйымдар мен арнайы қорлардың шығыстарына жиналған сыйақы сомасының 30 пайызынан асырмай ұстап қалуын көздейді. Заңнамаға сәйкес ұйымдар жиналған сыйақының жалпы сомасының 30% - ынан аспайтын мөлшерде ұстап қалуға құқылы. Бұл сомаға арнайы қорларға арналған шығыстарды қосу ұсынылады. Ұйым неғұрлым аз ұстаса, автор немесе құқық иесі соғұрлым көп сыйақы алады.
Авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтарды басқару зияткерлік құқықтарды тиімді жүзеге асыруға және қорғауға арналған. Бұған арнайы құрылған ұйымдарға лицензия беру, сыйақы жинау және авторлардың мүдделері үшін сот ісін жүргізу өкілеттіктерін беру арқылы қол жеткізіледі, бұл өз кезегінде шығармашылыққа назар аудара алады.
Қарағанды облысы
әділет Департаментінің
зияткерлік меншік құқықтары
бойынша бөлім басшысы
Аубакирова А.Е.